04
февраль
2021
ҰАОҚ "Шығармашылық"ббс "Қарындаштар еліне саяхат"ересек "Маржан"тобы тәрбиеші Жайлаубаева А.К.
Мақсаты: Балалардың ой – қиялын, шығармашылық белсенділігін, эстетикалық талғамын арттыру. Ұлттық киімдер, зергерлік заттар, ұлттық тұрмыстық заттар жайында түсінік беру. Ою-өрнек элементтерімен таныстыру. Ойындар арқылы сурет салуға деген қызығушылықтарын дамыту.
Керекті құралдар: Қазақтың ұлттық киімдер үлгісі, ою-өрнектер элементі, қарындаштар, бояу,дайын үлгі балапан т.б.
Кейіпкерлер: Айдай сұлу Айсұлу-Оспан А, Желаяқ-ТөлегенӘ, Таусоғар-Оразбай А, Күн астындағы Күнекей қыз-Ғазиза.
Сөздік жұмыс: қарындаш-карандаш.бояу-краска,балапан-цыпленок.
Шаттық шеңбері: Біз балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да
Біз сенімді боламыз!
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге сурет саламыз,
Міне, біздер қандаймыз.
– Балалар, біз бүгін қарындаштар еліне саяхатқа барамыз, онда бізді әр түрлі қызықтар күтіп тұр. Жолымызда біз ертегі кейіпкерлерін кездестіреміз. Олардың бізге беретін тапсырмалары болуы мүмкін.
– Сапарға шыққыларың келе ме? – Ия.
– Жан-жағымызға қарайық. (киіз үй макеті көрінеді)
– Балалар, киіз үй көрініп тұр, айналасы сазбалшық екен.
– Балалар сазбен айналып келіп, үйдің алдына тоқтайды. Есікті қағады. (ішінен Айсұлу шығады)
Айсұлу: – Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер кімсіңдер?
– Біз «Маржан» тобының балаларымыз. Сен кімсің?
Айсұлу: – Менің атым Айсұлу. Мені қарандаштар еліне шақырып еді.
Балалар: – Бізде сол жаққа бара жатырмыз.
Айсұлу: – Менің асыл заттарым жоқ. Енді не істейміз?
Тәрбиеші: – Балалар, қараңдаршы мында: «Зергерлік шеберхана» және «Тоқыма-тігін шеберханасы» тұр екен.
Қане, екіге бөлініп отырып, түрлі заттар жасайық,
а) Зергерлік шеберханадағы балалар білезік жасайды.
ә) Тоқыма-тігін шеберханадағы балалар қағаздан алаша жасайды.
Мақал-мәтелдер:
– Бұл кім екен? Тоқтатып сұрайық. (тоқтатып сұрайды)
Тәрбиеші: – Қайда бара жатырсың?
Желаяқ: – Мен Желаяқпын. «Қарындаштар еліне» бара жатырмын. Түрлі қарындаштар алып бара жатыр едім, жолда оны шашып алдым. Түсіне қарай жинауға көмектесіңдерші.
Ойын: «Қарындаштарды жинаймыз»
Жолда Таусоғармен кездеседі.
Таусоғар: – Балалар. Қайда бара жатырсыңдар?
Балалар: – «Қарындаштар еліне» бара жатырмыз. Сен ше?
Таусоғар: – Менде «Қарындаштар еліне» бара жатырмын. Менімен ойын ойнайсаңдар, мен сендерге жол көрсетемін.
Ойын: «Сыңарын тап»
Шарты: Қолғаптардың түсіне, суретіне қарай, сыңарларын табады.
Саусақ ойыны: «Бесбармақ»
«Қарындаштар елінде» Күн астындағы Күнекей қыз отырады. Сәлемдеседі.
Күнекей қыз: – Сәлем, достар! Мен сендерді күтіп отырмын. Менің атым Күнекей қыз. Мен сендерді шақыртқанмын.Мен сары түсті жақсы көремін.Мына балапандарды сары түске бояп беріңдерші (тапсырма береді).
Тапсырма: «Балапанды боя»
Шарты: Дәстүрден тыс сурет салу арқылы,балапанды сары түске бояу.
Қорытынды: Оқу қызметін қорытындылау.
«Біз не білдік?» – сұрақ-жауап:
1.-Біз қайда келдік?-Қарындаштар еліне
2.Жолда кімдерді кездестірдік?
3.Ертегі кейіпкерлерін атау.
4.Түстерді қайталау.

- Өнерлі өрге жүзеді.
- Өнерді үйрен де жирен.
- Өнерлі бала сүйкімді.
- Өнер бұлақ, білім шырақ.