13
январь
2021
Сауықтыру-шынықтыру шарасы "Қысқы ойындар" мек.даяр. "Жұлдыз" тобы тәрбиеші Смагулова Р.А.
Тақырыбы: «Қысқы ойындар».
Тәрбиеші : Смагулова.Р.А
Тобы :Мектепалды даярлық «Жұлдыз» тобы
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: Сауықтыру-шынықтыру шарасы»
Тақырыбы :Денсаулық күні: «Қысқы ойын »
Мақсаты:Балаларға қысқы табиғат туралы түсінік беру .Қыстың негізгі белгілерін сұрау . Қыс мезгілінде болатын табиғат құбылыстарын , қысқы ойын түрлерін еске түсіріп, сөздік қорын дамыту. Қысқы ойын туралы білімдерін жетілдіру . Шығармашылық ой- қиялын дамыта отырып үйрету және ұқыптылықа тәрбиелеу .
Қолданылатын көрнекіліктер : Шана , Шаңғы .
Билингвальды компонент: Қыс – Зима - Winter . Қар – Снег - Snow.
Аққала – Снеговик -Snowman . Шана –Санка -Sled .
Іс-әрекет кезеңдері:
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Балалар ,маған қараңдаршы мынау не ?
-Шаңғы мен шана
Қыс мезгілінде қандай ойындар бар ?
Балалардың суретпен әңгіме құрауына көмек береді
Балалар тақпақ айтамыз ба?
1.Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезеңді торлайды . (Аяз)
2.Аппақ - аппақ жапалақтап,
Қар жауады , тынбастан.
Қалың орман , маужыраған .
Түнгі аспан. (Қар)
Қәне, қос тілде айтып көрейікші : Қыс – Зима - Winter . Қар – Снег- Snow
Аққала – Снеговик -Snowman . Шана –Санка -Sled
-балалар бүгінгі көңіл – күйлерің осы қардай аппақ болсып .
Олай болса бәріміз қысқы ойындарды ойнап жарысайық қай топ жеңімпаз болады екен?
Қимылды ойын :
1.«Шаңғымен жарыс»
Шарты : Балаларға қолдарына сиқырлы таяқшаны алып аяқтарына шаңғы киіп екі топқа бөлініп ойнайды. Екі топта жеңімпаз болып ойынды аяқтайды. Балалар қызықты ойнайды.
2. «Шанамен жарыс» Екі топқа бөлініп шанамен жарысады.Ұлдар қыздарды шанаға отырғызып сүйрейді.Кім мәреге барып келсе кезекпен келесі балаға береді.
Рефлексивті-реттеушілік
Балалар біз не туралы сөйлестік? Қыс туралы не білдік? Қысқы ойындар туралы не білдік? Балалар сұрақтарға толық жауап берді. Жақсы ойнаған балаларды бағалау , мадақтау
Балалар өз алған әсерлерін әңгімелейді.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Қыс мезгілін де болатын өзгерістер жайлы;
Түсінеді: Қыс мезгілі туралы әңгіме құрау.
Қолданады : Ойын құралдарын дұрыс қолдануды, қалай ойнауды.