15
январь
2021
Сауықтыру-шынықтыру шарасы "Қарды бақылау"ересек"Балапан" тобы тәрбиеші Өтебай М.Т.
Тақырыбы: Қарды бақылау
Мақсаты: Қыс мезгілінің,ерекшеліктерін айту.Табиғат әсемдігін сезінуге тәрбиелеу,қыс мезгілінің белгілері туралы білімдерін тереңдету. Осы мезгілге тән құбылыстармен таныстыру.
Көрнекі құралдар: Күрек, шелек,қалақтар.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Билингвальды компонент: қар-снег-snow
Аққала- снеговик-snowman
Көркем сөз: Ақ киімді денелі ақ сақалды
Соқыр мылқау танымас тірі жанды
Үсті-басы ақ қырау тусі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды. «Абай»
-Тәрбиеші: Балалар,қазір қыс мезгілі.Қыс мезгіліне қандай айлар жатады?
-Балалар: Желтоқсан,Қаңтар, Ақпан.
-Тәрбиеші: Кун суық па? жылы ма?
-Балалар: Суық.
-Тәрбиеші: Күн шуақты ма? бұлыңғыр ма?
-Балалар: Бұлыңғыр.
Тәрбиеші: Қар ұшқыны жаңбыр сияқты, бұлттан пайда болады.Су буы өте жоғарыға көтеріледі,сол жоғарыда ауаның температурасы өте төмен болғандықтан, су буларынан кішкентай ғана мұз түйіршіктері өсіп кішкентай жұлдызшаларға айналады,содан қар ұшқындары жерге түседі.
Тәрбиеші: Енді, балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Жеке жұмыс: Жазда таудың басында
Қыста аяқ астында,
Балмұздақтан аумаған
Бұл не тағы расында. (Қар)
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан жасайтын
Тауып көрші,сен оны (Аққала)
Тәрбиеші: Балалар,сендермен таза ауада бір ойын ойнайық па?
Балалар: Ойнайық апай.
Тәрбиеші: Ендеше балалар,«Қар тасушы» ойнын ойнайық.
Тәрбиеші:Ойынның шарты:Екі бала үйіліп тұрған қарды,шелекке күрекпен салып,ағаш түбіне жинайық.
Бұл жерде балаларды жылдамдыққа,ептілікке,ұқыптылыққа баулыймыз.
Тәрбиеші: Балалар, ойын шарты түсінікті ме?
Балалар: Иә
Тәрбиеші:Енді, осы ойынды таза ауада ойнайық.
Тәрбиеші: Ойын сендерге ұнадыма?
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Енді балалар, тобымызға қайтайық.
Қортынды:
-Тәрбиеші: Балалар, бүгін нені бақыладық?
-Балалар: Қарды.
-Тәрбиеші: Балалар,қардың түсі қандай?
-Балалар: Ақ ұлпа, жұмсақ, ұстасаң еріп кетеді.
-Тәрбиеші: Балалар, қарды топқа апарсаң еріп су болады.
-Тәрбиеші: Балалар, тағы не істедік таза ауада?
-Балалар: Қарды басып із салып көрдік,қарды бақыладық,ойын ойнадық.
-Тәрбиеші: Балалар,сендер жылдам,шапшаң екенсіңдер.Қыс мезгілі сендерге ұнайма?
-Балалар: Ұнайды.
-Тәрбиеші: Несімен ұнайды?
-Балалар: Қыста көптеген ойындар ойнаймыз шанамен сырғанаймыз,аққала жасаймыз, сырғанақ тебеміз.
-Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, өте дұрыс айтасыңдар. Біз бүгін қарды бақыладық,күн суық екен.Енді,балалар тобымызға қайтайық.