АОҚ "Дәрумендер еліне саяхат"ересек "Балапан"тобы тәрбиеші Мұқаш Ә.С.
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
«Дәрумендер еліне саяхат»
Күні:
Топ: Ересек «Балапан»тобы
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі:Дене шынықтыру.
Тәрбиеші: Мұқаш Ә.С
Санаты: екінші
Алматы қаласы,2020 жыл
Тақырыбы: «Дәрумендер еліне саяхат»
Мақсаты: Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту. Дене шынықтыруға қызығушылығын арттыру,денсаулық сақтау технологиясын пайдалана отырып,қозғалыс біліктері мен дағдыларын қолдануға баулу. Балаларды жылдамдыққа,шапшаңдыққа,төзімділікке тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: Пойыз макеті вагондар жеміс тиелген,
Көрнекіліктер: Слайд, суреттер.
Әдіс тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сөздік жұмыс: пойыз,жемістер,көкөністер,кедергілер
Билингвальді компонент: пойыз-пойыз,жеміс-фрукты,көкөніс-овощи.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
Арайлап бүгін атты күн!
Шашып бізге шапағын.
Тілейміз сізге ақ таңның,
Қуанышын шаттығын...
Қайырлы таң,қайырлы күн!
Қуанышты күн бүгін....
Сәлеметсіңдер ме? Балалар!
Тәрбиеші: Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? (Күз)
Күз айларын атап беріңдерші? (қыркүйек,қазан,қараша)
Күз мезгілінің ерекшелігі қандай? (салқын,жаңбырлы)
Күзде суық тиіп ауырып қалмау үшін көбінесе не жеуіміз керек? (дәрумендер)
Деніміз сау болу үшін немен шұғылданумыз керек? (спортпен)
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар!
Олай болса,балалар бүгін біз көкөністер еліне саяхатқа барамыз. Саяхатқа барар жолда түрлі тапсырмалар кездеседі екен. Тапсырмаларды орындай отырып көкөністер еліне жетіп алайық. Саяхатқа шықпас бұрын денемізді қыздырып алайық.
Жалпы дамытушы жаттығулар
Солдатша жүру.
Қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүру
Қол желкеде өкшемен жүру.
Адымдап жүру.
Жүгіру қатты,жай
Тепе-теңдікті сақтап жүру. (сызықтар арасымен)
Еңбектеу, өрмелеу (кедергілер арасынан еңбектеп өту)
Кілемшелермен жүру
Ал,балалалар бақшаға жетіп қалдық. Балалар қараңдаршы биыл біздің бақшамызда көкөністер көп шығыпты.
Балалар бұл жерде көкөністер көп екен....Асқабақ қандай екен?
- Үлкен-үлкен деп (қолдарын ашады)
Мұнда сәбізде бар екен..
2.Сәбізге ұқсап тұрайықшы (қолдары жоғарыда,тізелерін бүгіп, отырып тұрады.)
3.Балалардың қолдары артта көкөністерді тереміз. (аяқтың арасы алшақ,қолдарымен алма кезек еңкейіп жинау)
Не деген көп көкөніс жинадық.
4.Бір орында тұрып жүру.....
5.Ал,енді балалар көкөністерді тереміз деп біраз терлеп қалыппыз. (маңдайларын қолдарымен сүрту)
6.Балалар,олай болса тыныс алу жаттығуын жасайықшы. (тыныс алу жаттығуы)
7.Енді,еденге отырып баян тартамыз (аяқты жазу,бүгу)
8.Жерді жыртамыз (аяқты кезекпен-бүгу)
9.Орнымыздан тұрып қоян сияқты секіру.
10.Бір орында тұрып жүгіру.
Ойын: «Көкөністі теру»
Балалар көкөністерді жинап келе жатқан поезд вагондарына тиеп жинап алайық.
Вагондарға көкөністерді жинап салады.
Жинағандарына қуанады.
Оқу қызметін қорытындылау..
Сұрақ-жауап
Балалардың жауаптары