АОҚ "Көңілді балалар"мектепалды даярлық"Жұлдыз"тобы тәрбиеші Көшмағанбетова Ә.Ш.
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
«Көңілді балалар»
(ұйқы-ашар жаттығулар)
Күні:
Топ: Мектепалды даярлық «Жұлдыз»тобы
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі:Дене шынықтыру.
Тәрбиеші: Көшмағанбетова Ә.Ш
Санаты: жоғары
Алматы қаласы,2020 жыл
Мақсаты: Балалардың дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуына,қан айналымының жақсаруына жаттығулар жасау арқылы балалардың денсаулығын нығайту. Дене сымбатын жетілдіру,қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту. Балалардың көңіл-күйін көтеру,мәдени-гигиеналық талаптарды орындау,тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар:Әртүрлі қолдан жасалған кілемшелер,таяқшалар
Көрнекіліктер: Слайд, суреттер.
Әдіс тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сөздік жұмыс: кілемше,кедергілер,
Билингвальді компонент:шынықтыру-закаливание,дәрумен-витамин.
Ұйқыдан тұру:
Жалпы жетілдіру жаттығуы
- Жатып екі қолды алдыға көтеру.
Қолды жоғары көтеру.
Қолды кезек-кезек сермеу.
- Төсекте отыру.
Басты оңға,солға бұру.
Екі қолды артқа қарай тіреу.
Енді аяқтар қозғалады.
Кезектесіп жүреді.
Аяқты кезек-кезек созу,бүгу.
- Көңілді велосипед тебу.
Аяқты тез жұмыс жасату,баяу жасату.
Тездетіп төмен түсеміз,
Ақырындап біз тұрамыз.
Қатар-қатар жүреміз.
Таяқшаны аламыз.
Шеңберге біз тұрамыз
Үлкен шеңбер құрамыз.
Негізгі жаттығулар (Таяқшамен)
- Таяқшаны жоғары көтеріп жүру,төмен түсіру (4-5 рет)
- Бір орнында тұрып. Таяқшаны арқа тұсқа қойып оңға,солға бұрылып қарап,бір-біріне күліп қарау (4-5 рет)
- Таяқшамен төмен қараймыз,жылдам жоғары көтереміз(4-5 рет)
- Таяқшаны кеуде тұсына ұстаймыз,аяқты алма кезекпен көтереміз. (4-5 рет)
- Таяқшаны жерге қойып,қол белде секіру.
Таяқшаны енді қоямыз.
Кедір-бұдыр жолдармен жүреміз. Енді қапты аламыз,басқа қоямыз. Тепе-теңдікті сақтап жүреміз,қалташаны қойып,келесі жолмен жүреміз.
Кілемшелер аяқталды.
Енді отырамыз. Әркім өз орындығына түзу отырады. Арқаны түзу ұстап.
Массажды допты алып аяқтарына массаж жасату. (оң аяқ,сол аяқ)
Түрлі-түсті доптармен әрбір аяққа домалату. (4-5 рет)
Енді аяқтың ортасына допты қойып ақырын көтеру. (4-5 рет)
Қорықпаңдар балалар сендер кірпіге ұқсап тұрыңдар.
Шынықтыру шарасы
Енді киіне бастаймыз.
Қорытындылау:
Сұрақ-жауап,балалардан сұрау қандай жағымды жағы және
жағымсыз жағы бар екенін айтқызу