АОҚ "Тазалық жанның айнасы"кіші "Алма"тобы тәрбиеші Бекбосынова А.Қ.
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
«Тазалық-жанның айнасы»
Топ: Кіші «Алма» тобы.
Білім беру саласы: «Денсаулық».
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тәрбиеші: Бекбосынова А.Қ..
Санаты: жоқ
Мақсаты: Мәдени-гигиеналық дағдылардың маңыздылығы туралы білімдерін бекіту. Өз-өзіне қызмет көрсете алу және салауатты өмір салтын ұстанып, күн тәртібінің сақталуына дағдыландыру.Тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: тазалыққа керекті заттардың суреттері.(сабын,сүлгі, тарақ,тіс пастасы,тіс щеткасы,ойыншықтар)
Сәлемдесу (шеңберге келіп тұрады) Тәрбиеші:балалар айтыңдаршы адамдардың әдемі,көңілді болып жүруі неге байланысты? Әрине денсаулыққа.Иә, адамдар өз денсаулықтарын күтеді,қыста-жазда шынығады.Жаттығулар жасайды.Олай болса, балалар, біз де жаттығуымызды бастайық. Біз бақытты баламыз, Шыныға да аламыз. Сәулетті елдің көгінде, Шам-шырақ боп жанамыз.
І-бөлім: Жүру-жүгіру жаттығулары
«Аю»
Қолды белге қойып,қорбаңдап жүреміз
«Түлкі»
Қолды жанға қойып қуланып жүреміз
«Қоян»
Қолды кеуденің жанына иіп,қос аяқтап секіру
«Қасқыр»
Қолды сермеп адымдап жүру
ІІ-бөлім:Жалпы дамыту жаттығулары(сылдырмақпен)
Шеңберге тұру
Б.қ екі қолды алға созу,сылдырлату.
Қолдарды қайшылап сылдырмақтарды сылдырлату.
Оң қол жоғары,сол қол төменде,сылдырлату
Б.қ.Қолдағы сылдырмақтар кеуде тұсында
Қос қолды бірге оң жаққа көтеру,сылдырлату.
Қос қолды бірге сол жаққа көтеру,сылдырлату.
Қос қол бірге,сылдырмақтарға үрлеу,
ІІІ-бөлім:Негізгі қимыл жаттығулары
Құм салынған қапшықты шеңберге лақтыру Сергіту сәті
Қояным тұршы,бетіңді жушы .
Айнаға қарашы,шашыңды тарашы, Енді бізді қушы.
Қорытынды:
Балалардың жасаған іс-қимылдарына ризашылық білдіру.
Сау болыңыздар.