1-маусым - Халықаралықбалаларды қорғау күніне арналған «Балалардың күлкісі-көркі,сәні әлемнің»
Алмалы ауданы
№93 бөбекжай-балабақшқасы
«Балалардың күлкісі-көркі,сәні әлемнің»
•маусым Балаларды қорғау күніне арналған ойын-сауық шарасы)
Музыка жетекшісі: Умирбаева А.М.
Тәрбиешілер.
Алматы,2016ж
1-маусым - Халықаралықбалаларды қорғау күніне арналған «Балалардың күлкісі-көркі,сәні әлемнің»
Жүргізуші:
Бақшаға біз гүл ексек,
Балдырғаным, сен үшін,
бақытыңды жыр етсек,
Балдырғаным, сен үшін
Жігіт болар,күні ертең
Балдырғаным, гүл еркем
Бақытты бол,өсе бер,
Құтты болсын мерекең!
Құрметті ата-аналар, балалар!
1-маусым - Халықаралықбалаларды
қорғау күніне арналған «Балалардың күлкісі-көркі,сәні әлемнің»атты
ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Әнұран:
Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл
Балаларбүгін сендердің
мерекелерің «Қандай күн?»
«1-маусым - Халықаралықбалаларды
қорғау күні»(хормен)
-Балаларды қорғау дегеніміз -
әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау
деген сөз.
Бұлтсыз күн,ашық аспандай ,нұрын шашқан күн сәулесіндей біздіңбалаларымыз бейбіт өмір сүрсе
екен,олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!
Қымбаттыбалалар! Бүгінгі
мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың
Отанның ортан қолдай азаматы болуға жетелеуін тілейміз.
«Бар мейірімімізбалаларға!»
атты ертеңгілігімізді бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін балабақшамыздың
меңгерушісі Мейрамкүл Абылайханқызына береміз.
Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,
Өздеріңсің жалғастырар бабамның.
Біз өнерсіз баламыз ба?!
Көрсін аға апалар
Көрсін папа,мамамызда
Ырза болсынбалалар
Хор: «тәтті,тәтті»
Ән көмейден төгілді
Қайғы бұлты шегінді
Балалармен дүние
Көрікті де көңілді –балалармерекесіне
арнап Бестебаева Аружанның орындауында
«Бал бала» әнін қабыл алыңыздар
Ән айтайық қосылып,
Сәбилердің бұл күні
Мақтап кетсін осы жұрты
Балалардеп үлгілі
Жан иірімі біле білсең би деген
Кімдерің бар биді ұнатып сүймеген
Қазағымның би өнерін паш етіп
Алдымызда аруымыз билеген
«Ақ көгершін» биі («Қарлығаш» ересек
тобы)
Құшағымыз қызыл гүл
Гүлмен келсін келер күн
Балалардың күлкісі
Көркі сәні әлемнің
«Мы маленькие звезды» биі («Барыс» тобы)
Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат қағып.
Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу
Жүрген соң адам деген атақты алып
Ән: «Бау-бақша белдер»
Денсаулық ол – күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
«Спорттық би» (ортаңғы «Маржан» тобы)
Достарымыз бар қуанып,
Тамашалар кештерде
Талшыбықтай бұралып,
Биші боламыз өскенде.
Би «Ковбойлар» биі
Ойын: кім жылдам!
(Суретші кіреді.Қолында түрлі түсті бояулар бар)
Суретші: Сәлеметсіңдер ме,балалар? Мен-Суретшімін. СЕндерге түрлі-түсті борлар әкелдім.Сурет сала аласыңдар ма?
Балалар: Ия!
Суретші: Олай болса,асфальтқа сурет салайық. Қай топтың суреті әдемі болар екен?
(әр топтың тәрбиешілері балаларымен асфальтқа сурет салады. Суретші тексереді)
Тәрбиеленушілердің әжесібалаларға
арнап ақ батасын береді.
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Осылай болсын, әрбір күнің әр айың
Қадамдарың сәтті болсын,балалар
Тілектерің қабыл болсын ағайын!