02
февраль
2021
ҰАОҚ "Шығармашылық"ббс "Саусақпен сурет саламыз"кіші "Алма"тобы тәрбиеші Бекбосынова А.Қ.
Мақсаты: Балаларға қыс мезілінің ерекшелігін түсіндіру.Табиғат құбылысымен таныстыру.Саусақ арқылы қар бейнесін салуды үйрету.Саусақ бұлшық еттерін дамыту.Бояумен ұқыпты,таза жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:Қыс мезгілінің суреті,қар суреті.
Құралдар: Сулы шүберек, көк түсті қағаз,ақ түсті бояу.
Шаттық шеңбері: Жарқырап күн ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз,
Қайырлы күн!
Біз ержүрек ұлдармыз!
Жарайсыңдар балалар.Орындарыңа отырыңдар.
I.Негізгі бөлім. Суретпен жұмыс (әңгімелеу)
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс мезгілі)
-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? (Қар жауады,күн суық болады,жылы киінеміз т.б.)
-Қардың түсі қандай ? (Ақ)
Жарайсыңдар балалар, біз қыс мезгілінде шана ойнаймыз.Далада қардан аққала жасаймыз.Айналамыз әппақ қар болады. Балалар қараңдаршы мынау қар.Қардың түсі аппақ ,ұлпа сияқты. Қар жапалақтап жауады екен. Қар жауғанда жердің бәрі аппақ болады. Күн жылынғанда қарлар ериді.Еріген қар мұз болып қатады. Міне мынау мұз. Мұзда түс болмайды екен. Қар жұмсақ, ал мұз қатты болады екен.Балалар өздерің ұстап көріңдерші.Балаларға жеке-жеке көрсету.
Балалар, бүгін біз ақ түсті бояумен сұқ саусағымыз арқылы жауып тұрған қардың суретін саламыз. Ұқыпты,таза орындайық балалар.
Шарты: Балаларға сұқ саусақ арқылы сурет салу жолын түсіндіру,көрсету. Әр балаға жеке үстел үстіне көк түсті қағаз, ақ түсті бояу, сүлгі дайындау. Жеңдерін түргізу. Сұқ саусақ арқылы салғызу.Қолдарын сүрту.
Балалар, енді сергіту сәтін жасайықшы бәріміз.
Сергіту сәті: Әппақ қалап өңірді,(Алақандарын ашу)
Қар жауды! Қар жауды! (Қолдарын сермеу)
Көңілді балалар,(Қол шапалақтау)
Қызығып секірді. (Орында секіру)
Ойын: «Қар жинау»(Шелекке)
Шарты: Домалақтап жасалған қарларды жерге тастап қою.Балалар шелекке салып жинайды.
Мақсаты: балаларды жылдамдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ойын шартын бұзбай ойнауға үйрету.
Қорытынды: Салған суреттері бойынша мадақтау.
-Балалар біз бүгін қандай сурет салдық?( Жапалақтап жауған қар суреті)
-Сендерге қыс мезгілі ұнай ма? (Иә)
-Қардың түсі қандай ? (Ақ)
-Мұз қандай екен? (Қатты)
-Қандай ойын ойнадық? ( Қар жинау )
Өте керемет . Жарайсыңдар балалар. Бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды.
Сау болыңыздар!