02
февраль
2021
ҰАОҚ "Шығармашылық"ббс "Қысқы орман"ортаңғы "Барыс"тобы тәрбиеші Толендиева А.К.
Мақсаты: Қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Қысқы табиғат көрінісі, қысқы ойын түрлерін атау. Балаларды жапсыру іскерлік дағдыларына машықтандыру, жапсыруды меңгерту. Ұсақ қол моторикасын дамыту.
Керекті құрал жабдықтар: Қыс келбетінің көрінісі, арнайы тақтайшалар, желім, қол сүрткіш, т.б.
Көрнекіліктер: Үйшік, қыс мезгілінің көрінісі.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын ойнату.
Сөздік жұмыс: Ақ ұлпа қар, ағаш үй, мұзды үй, орман, жабайы аңдар.
Билингвальді компонент: Ақ ұлпақ қар- Белоснежка, ағаш үй- деревяный дом, мұз үй- ледяная избушка, орман- лес, жабайы аңдар- дикие животные.
Шаттық шеңбері: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр болып жатады.
Қайырлы таң жарық әлем!
Қайырлы таң бала-бақшам!
Қайырлы таң апайлар!
Қайырлы таң балалар!
Сұрақ-жауап:
Тәрбиеші: Балалар, жылдың қай мезгілі?
Балалар:Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Үш ай бар.
Тәрбиеші: Қане, үш айды атап беріңдерші.
Балалар: Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Балалар: Күн суытады, қар жауады, адамдар қалың киінеді.
Тәрбиеші: Балалар, біз қыс мезгілі туралы үйшік ертегісімен таныспыз ғой? Ертегідегі кейіпкерлер бізде: түлкі, қоян, ит, қасқыр, аю және әтеш. Олай болса біз сахналап берейік. Ал мен мазмұндап айтып тұрамын, келістік пе?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: олай болса қысқы орманға саяхаттаймыз. Ерте, ерте, ертеде, орманда қоян мен түлкі болыпты. Бір кезде күн суытып қыс түсе бастайды. Осы кезде қатты жаураған қоян мен түлкі өздеріне үйшік соғып алады. Екеуі көрші болыпты. Қоян өзіне ағаштан үй жасап алады, ал түлкі болса өзіне мұздан үйшік жасап алыпты. Осы кезде түлкі мақтанып, қоянды мазақтай бастайды:
Түлкі: Менің үйім жарық, сенің үйің қараңғы.
Тәрбиеші: Қабағын түйген қоян, міз қақпайды.

Тәрбиеші: Ашуға булыққан қоян айқайлап береді.
Қоян: Ей, тыныш отыр, қап бәлем, сені ма?
Тәрбиеші: Түлкі мазақтауын қоймайды. Осылайша күндер өте-келе күн жылынып көктем келеді, осы кезде түлкінің үйі еріп кетеді. Үйсіз қалған түлкі, қоянға жалына бастайды.
Түлкі: Қоян, қоян, мені үйіңе кіргізші, мен үйсіз қалдым.
Қоян: Жоқ, кіргізбеймін. Менің қараңғы үйім өзіме жылы.
Түлкі: Қоян, қоян, мені үйіңе кіргізші, мен үйсіз қалдым. 2-3 рет. Туу, жаурап кеткенім-ай.
Қоян: Жарайды, шамалы тынығып ал.
Түлкі: Аха-а, енді бұл менің үйім болады. Шық, кет, заттарыңды ала кет мә!
Тәрбиеші: Осы кезде ит келе жатып, қоянға жолығады.
Ит: Қоян, қоян, неге жылап отырсың?
Қоян: Менің үйімді түлкі тартып алды, мен үйсіз қалдым. (Жылап отырады).
Ит: Қазір мен түлкіге көрсетемін!! Ей түлкі, шық, кет үйден аф-аф.
Түлкі: Қазір мен шықсам, сені талап тастаймын (Ит қорқып қашып кетеді).
Қасқыр: Қоян, қоян, неге жылап отырсың?

Қасқыр: Қазір мен түлкіге көрсетемін!! Ей түлкі, шық, кет үйден.
Түлкі: Қазір мен шықсам, сені талап тастаймын (Қасқыр қорқып қашып кетеді).
Аю: Қоян, қоян, неге жылап отырсың?

Аю: Қазір мен түлкіге көрсетемін!! Ей түлкі, шық, кет үйден.
Түлкі: Қазір мен шықсам, сені талап тастаймын (Аю қорқып қашып кетеді).
Әтеш: Қоян, қоян, неге жылап отырсың?

Әтеш: Қазір мен түлкіге көрсетемін!!
Қоян: Жоқ, сен көмектесе алмайсың, ит көмектесе алмады, қасқыр көмектесе алмады,аю көмектесе алмады, сенде көмектесе алмайсың.
Әтеш: Ку-ка-ре-ку, аяғымда етігім, қолымда орағым, тез шықпасаң сені де орамын. 2-3 рет.
Түлкі: Ой-ой-ой, қазір шығамын, қазір дедімғой, ой-ой-ой қаштым, қаштым.
Тәрбиеші: Осылайша әтеш ерлік жасап, түлкіні қуып шығады.
Сұрақ-жауап: Балалар, сендерге әтештің ерлігі ұнады ма? Олай болса тілұстарту жаттығуын орындап алайық.
Тіл жаттығуы:
-Аш-аш-аш,
Үйшігі ағаш,
-Ды-ды-ды,
Үйшігі мұзды.
-Дар-дар-дар
Жабайы аңдар,
-Ян-ян-ян
Түлкі мен қоян.
Тәрбиеші, Жұмбақ: Шанамен зырлап желегі,
Шаңғы, коньки тебеді.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (қыс мезгілі)
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар. Олай болса, қыс мезгілін жапсыру арқылы бейнелеп көрсетейік.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Пеноплекс қиындысы, желім, мақта, пенопласт үгіндісі.
Шарты: Тәрбиеші әр балаға пеноплекс қиындысын таратады. Әр балаға желім, мақта, пенопласт үгіндісін береді. Балалар өз қиялдарындағы қыс мезгілін суреттейді.
Тәрбиеші: Пеноплекске желім жағып, оған мақта жапсырып және пенопласт үгіндісінде қолдана отырып қыс бейнесін түсіндіріп көрсетеді.
Сұрақ-жауап: Балалардың өз бетінше жұмыстары.
Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар, біз қандай ертегіні сахналадық?
Ертегі де қандай кейіпкерлер болды?
Қандай кейіпкерлердің қылығы ұнамады, және неліктен?
Сендерге қай кейіпкер ұнады?
Қоянды қай кейіпкер құтқарды?
Әтеш қандай ерлік жасады?
Біз бүгін қай мезгілді бейнеледік?
Қыс мезгіліндегі қандай ойындарды білесіңдер?
(Балаларды мақтау, мадақтау)
Балалар, бүгінгі өткен оқу қызметіміз аяқталды. Сау болыңыздар!