22
январь
2021
Сауықтыру-шынықтыру шарасы "Қысқы ойындар"ересек"Балапан" тобы тәрбиеші Өтебай М.Т.
Бөлімі: Сауықтыру-шынықтыру шарасы.
Тақырыбы: Қысқы ойындар.
Мақсаты: балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс-әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру. Ойын арқылы зеректікке,білгірлікке баулып,батылдыққа,өжеттілікке тәрбиелеу.Жыл мезгіліне байланысты ойындар ұйымдастыру.
Әдіс-тәсілдері: Ойын әдісі, ойын мазмұны, түсіндіру, үйрету.
Көрнекіліктер: Қар, күрек, қар үйінділері, қар кесетін құралдар, кегли
Ойынның жүру барысы:
Тілек шеңбері:
Балалар алаңда дөңгеленіп шеңбер жасап тұрып, бір-бірінің алақандарын беттестіріп тілектер айтады.
1. Ауамыз таза болсын
2. Денсаулығымыз мықты болсын
3. Ойын қызықты болсын
4. Жарыс көңілді болсын
5. Жеңімпаздар көп болсын
Дыбыстық жаттығу:
Ыс-ыс-ыс ,келді қыс
Ан-ан-ан,сөқты боран,
Ар-ар-ар,үлпілдек қар,
Ты-ты-ты аяз қат.
Балалар музыка ырғағымен айналып жай жүріп, сонан соң жүгіріп келіп, аяқ-қол бұлшықеттеріне арналған сергіту жаттығуларын жасайды.
Қозғап барлық денеңді
Қолды қатты соқ енді.
Тақылдатпай таяқты
Ақырын бас аяқты
Иықты артқа ысырып,
Басты төмен саламыз
Жаттығу жасап осылай,
Біз шынығып аламыз.
Ойын жарыс түрінде өтетін болған соң, балаларды екі топқа бөлеміз.
Бірінші топ мүшелері: Жангир, Аяла, Нуриман, Дулат, Алижан.
Екінші топ мүшелері: Адина, Айзере, Ерсұлтан, Абылай, Аимира, Жан.
Ойын №1 «Кім жылдам».
Мазмұны: Балалар қолдарына күрек алып қар үйінділерінен қар алып, жолдағы кегли арасымен жыланша жүріп белгіленген жерге қарларды алып барып жолды тазартады. Қай топтың балалары бірінші қар үйінділерін тазартса сол топ жеңеді.
Ойын: №2 «Қояндар»
Аппақ қардың үстінде 2 топтан бір-бірден ойыншылар шығып, қоянша секіре отырып межеге жетеді.
Меже – үлкен қардан жасалған төбешік. Бұл төмпешіктің тасасында кәрзеңкеге салынған сәбіздер жасырулы тұрады. Осы сәбіздерден бір-бірден алып, қайтадан қоянша секіре отырып, кейін қайтады. Қай топтың жинаған сәбізі көп болса, сол топ жеңімпаз атанады.