Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі:
(8727) 279-75-94
Телефон/факс:
(8727) 393-30-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҰАОҚ "Шығармашылық"ббс "Бояулар сыры"ересек "Қарлығаш"тобы тәрбиеші Уалиева А.М.
04
февраль
2021

ҰАОҚ "Шығармашылық"ббс "Бояулар сыры"ересек "Қарлығаш"тобы тәрбиеші Уалиева А.М.

Мақсаты: балалардың ұсақ-қол моторикасын және шығармашылық  ойлау қабілетін дамыту. Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа және қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент:  Бояулар-краски.   Түрлі-түсті бояу-разноцветный краски.
Сөздік  жұмыс: Бояулар, түрлі-түсті бояу.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ғажайып сәт және өз беттерімен жасау.
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті бояулар.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жайнап түсті гүліміз.
Қайырлы таң апайлар!
Қайырлы таң достарым!
Ғажайып сәт: Хат тасушы келеді. Сәлеметсіздерме, балалар.
 Бұл№ 93 бөбекжай балабақшасы ма?
Тәрбиеші: Иә.
Хат тасушы: «Қарлығаш» тобы керек еді.
Тәрбиеші: Бұл «Қарлығаш» тобы.
Хат тасушы: бояулар әлемінен сізге сәлемдеме жіберіп еді. Апайларыңа беремін, оқып берсін.
Тәрбиеші: балалар, хатта тапсырмалар беріліпті, орындауға дайынсыздарма?
Балалар: иә, дайынбыз.
1 тапсырма:
 Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Қзір қандай ай, нешінші күн?
2тапсырма:
Қыс мезгілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?
1-бала: О, алақай қыс келді,
Бізге қуаныш әкелді.
Дала қарға оранды,
Бала біткен қуанды.
Елемейді ешкімде,
Суықпенен боранды.
Күні бойы тынбайды,
Суығына тоңбайды.
Міне, аппақ қар,
Аяз боран бар.
2-бала: Балалар шықты далаға,
Ойнап, күліп жүр енді.
Шаналармен озады,
Аққаланы соғады.
Қыста қармен ойнаймыз,
Қызыққа біз тоймаймыз.
Таудан төмен сырғанап,
Шаңғы шана тебеміз.
3-бала: Үстін жауып көлдердің,
Бетін бүркіп белдердің.
Жастық етіп тауды асқақ,
Жантайыпты жамбастап,
Уақыт мол бөлеміз.
Қыс қызығын көреміз,
Сары аязға шыңдалып,
Шымыр болар денеміз.
Жылда осылай келеді,
Көп қуаныш береді.
Шашу етіп біздерге,
Ақ күмісін төгеді.
3-тапсырма:
Жұмбақтар шешу. Алдында әр түрінен жібек жіптің,
Аспанға әшекейден кесте тіктің.
(Кемпірқосақ).
Қабы сояу, діні бояу.
(Қарындаш).
4-тапсырма: Кім  баяулар туралы тақпақ біледі?
1-бала: Көкшіл бояу алайын,
Көк аспанды салайын.
Сары бояу алайын,
Сары күнді салайын.
Қоңыр бояу алайын,
Қоңыр талды салайын.
2-бала:Кемпірқосақ аспанда,
Түрлі бояу шашқанда,
Табиғатты салайын,
Іздегенін табайын.
3-бала: Түрлі-түсті келбетті,
Қандай әсем жер беті. 
Алуан бояу бояулары,
Аппақ басты таулары.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Мойнымызды бұрамыз.
Қолымызды көтеріп,
Саусақты ашып жұмамыз.
Мынау сары қарындаш,
 Күнді  біз бояймыз,
Мынау көк қарындаш,
 Туды  біз бояймыз.
Мынау қызыл қарындаш,
 Гүлді біз бояймыз.
Тәрбиеші:  балалар, біз бояулар туралы айттық, енді бояулармен жұмыс  жасаймыз.
Бояумен жұмыс жасағанда, қауіпсіздік ережесін сақтаймыз. Жеңімізді қайырып, қылқаламды ұқыптап ұстаймыз. Берілген тапсырманы мұқият орындаймыз.  Алақанмен саусақтарымыз арқылы, күнмен ағаштың суретін бейнелейміз.Түстерді сәйкестендіріп бояуға тырысамыз.
Қорытынды:
-Балалар, бүгінгі оқу қызметінде қандай жұмыс жасадық?
- Күннің, ағаштардың суретін  алақанмен, саусақпен салдық,
-Бізге қонаққа кім келді? 
-Хат тасушы келді.
-Бояулар бізге не үшін керек?
-Сурет салу үшін.
-Өте керемет, балалар. Жарайсыңдар. Балаларды мадақтау. Осымен біздің оқу қызметіміз аяқталды, сау болыңыздар.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив