29
январь
2021
Оқу қызмет "Балалардың танымдық үрдістерін дамыту"психолог Абильдаева А.Б.
Оқу қызметі: «Психология»
Тақырыбы: «Балалардың танымдық үрдістерін дамыту»
Мақсаты: Балалардың танымдық үрдістерін ойната, ойландыра отырып дамыту. Балалардың көңіл-күйлерін көтеру. Тапсырмаларды дұрыс, уақытылы орындауға қалыптастыру.
Көрнекіліктері: әр балаға арналған гүлдер, саусақ жаттығуына арналған моншақтан жасалған құралдар, Монтессори құралдары, әр балаға тақтайшалармен резинкалар.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік: Көңілді әуенге балалармен бірге билеу. Балалармен сәлемдесу.
Шаттық шеңбері:
Сәлем саған көк аспан! Сәлем саған алтын күн!
Сәлем саған жер
ана! Сәлем саған достарым! Балалар қолдарына гүл шоқтарын алып жақсы тілектер айтумен оқу қызметімізді бастаймыз. (Гүл шоқтарын құмыраға тілектерін айтып салады.)
Жалпы дамыту жаттығуы: Балалар қолымызға моншақтан жасалған құралдарымызды алып, сауаққа арналған жаттығуды менімен бірге орындаймыз.
1.Тапсырма: Тақтайша үстінде резинкалармен түрлі пішіндер жасау. Балалар резинкаларды тақтайшаларға ілу арқылы түрлі заттар жасаймыз, жасаған жұмыстарымызды айтып береміз. 2.Тапсырма: Домалақтарды қолымызға алып, көзімізге жаттығу жасаймыз. Оңға, солға, қолдағы домалақты қозғалтамыз, көзімізбен бақылаймыз. 2 рет қайталаймыз.
3. Тапсырма: Монтесорри құралдарын өз еркілерімен балалар таңдайды. Таңдаған құралдары бойынша балалар өз еркілерімен қалаған заттарын жасайды. Жасаған заттары бойынша айтып береді.
Сергіту сәті:Табиғат құбылыстарына арналған жаттығу (қимылмен, дыбыс шығару арқылы орындалады)
Жел улейді У-У-У
Құйын билейді ДУ-ДУ-ДУ
Жаңбыр жауады ХОП-ХОП
Қар жауады қолмен қимыл жасау.
4. Тапсырма: Балалардың алдыларына домалақтар беріледі, сол домалақтар санына қарай балалар қол соғып, партаға қолдарын тигізу арқылы тапсырманың шарттарын орындайды. Бастаушы бала санап отырады.
5. Тапсырма: «Смайликтер» балаларға көңіл-күй белгілерін көрсетуге арналған белгілер беріледі. Балалар сол белгілер арқылы көңіл-күйлерін көрсетіп, айтып береді.
Қорытынды: Балалардан өтілген оқу қызметі туралы ойларын сұрайды, қандай жұмыс түрі қызықты болды, қай жұмыс түрі күрделі болды педагогпен балалар арасында ой бөліседі. Балалар өзара бағалау жасайды. Педагог балаларға мақтау айтып, оқу қызметін қорытындылайды. Балалармен педагог бірге айтып оқу қызметін аяқтайды:
Ризамын бүгінге!
Ризамын бәріне!
Ризамын қазірге!
Ризамын өмірге!
Сау болыңдар! Балалар!