18
февраль
2021
Алматы қ.Білім басқармасы ҰАОҚ "Кітап біздің досымыз" мек.даяр."Жұлдыз"тобы тәрбиеші Жомартова Ж.Д.
Мақсаты:білімнің кітап арқылы берілетінін, адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру;
Міндеті:балаларды оқулықты құрметтей білуге, ұқыпты ұстауға баулу. Кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, күту ережелерімен таныстыру. Ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Билингвальді компонент: кітап-книга, кітапханашы-библиотекарь, кітапхана-библиотека,ертегі-сказка.
Сөздік жұмыс:кітапханашы,кітапхана,белгі бау.
Көрнекілік:жұмбақ,мақал-мәтелдер,кітаптар,тірек-сызба, ,кітап ережелері,
Әдіс-тәсілдері: флипчарт. викториналық сұрақтар, интербелсенді тақта
Алдын ала жұмыс: Балалар күнделікті жаттаған мақал-мәтел, жұмбақ, ертегіге байланысты суреттер салу арқылы кітапша жасайды.
Шаттық шеңбері
«Көңіл күй»әуеніне қимыл-қозғалыс арқылы жасайды.
Сұрақ-жауап әдісі
1.Балалар бір жылда неше мезгіл бар? (4мезгіл бар).
2.Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс мезгілі).
3.Қыс мезгілінде неше ай бар? (3ай бар).
4.Қазір қай ай? (Ақпан айы).
-Ал балалар,мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жұмбақ
Қабат-қабат қапталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.
Ол не? (Кітап)
-Дұрыс жарайсыңдар балалар.
Тәрбиеші:Кітап бізге не үшін керек?
-Білім алу үшін.
-Оқу,жазу үшін.
-Ертегі,әңгімелер тыңдау үшін.
Ғажайып сәт.
Ертегі кейіпкерімен кездесу.
Марс планетасынан қонаққа бөгде ғаламшарлық келеді.Оның қолында сиқырлы кітап бар.
Али:
Бөгде ғаламшарлық:«Сәлем,балалар!Мен сендерге сиқырлы кітап алып келдім.Сендерге тапсырмалар әкелдім,сол тапсырмаларды орындасаңдар кітап ашылады.
-Сендерге ата-аналарың кітап оқып бере ме?
-Сендерге қандай кітап түрлерін білесіңдер?
Тәрбиеші:Балалар,біз бөгде ғаламшарлыққа кітаппен дос екенімізді тапсырмалар орындау арқылы көрсетейік. Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады.Отанды сүюге,талапты, ақылды болуға,төзімділікке баулиды.Кітап жаман әдеттен аулақ болуға үйретеді.Оны оқиды,үлгі-өнеге алады.Сондықтан да біз «Кітап біздің досымыз!-дейміз».
Ой-қозғау стратегиясы (видео).Кітап неден жасалады деп ойлайсыңдар? Кітап қалай жазылады?
Қағаздың негізі материалы-ағаш.Ағаш орманнан кесіледі,жүргізушілер жүк машиналарымен фабрикаларға жеткізеді,фабрика жұмысшылары ағашты өңдеп,одан қағаз жасайды.Дайын қағаз кітап шығарылатын баспаханаларға жеткізіледі.Жазушылар,ғалымдар кітаптың мазмұнын құрастырады,оны әріп терушілер кітап бетіне түсіреді,суретшілер мәтінге сай суреттерімен безендіреді.Сондықтан кітапқа үнемі құрметпен қарап,таза ұстауға үйрену керек.
-Ал,балалар сиқырлы кітаптың тапсырмаларын орындайық.
1 тапсырма: «Мақалды тап» ойыны. (тірек-сызба арқылы мақал-мәтелдерді табады).
Мақал-мәтелдер
1. Алтын – жерде, білім – кітапта.
2.Кітап - алтын қазына
3.Кітап - қаймақ, білім – оймақ
4. Көп оқитын – көп біледі.
2 тапсырма: Флипчарт интербелсенді тақтамен ойын: «Суретті сөйлет».
Шарты:Балалар суреттерге қарап,ертегінің атын айтулары керек.Слайдтан қарап айтады.(Кім күшті,түлкі мен қоян ,арыстан мен түлкі,қарлығаш пен дәуіт,мақта қыз бен мысық ,қасқыр мен жеті лақ ,үйшік ертегілерін атайды)
Тәрбиеші:Ертегі кітаптарды біледі екенсіңдер.Жарайсыңдар!
-Ал сендер жұмбақтар білесіңдер ме?
3 тапсырма: «Кім көп біледі?» ойынын ойнайық .
Жұмбақтарды аудио жазба арқылы жасыру.
1.Сандығым бар өзгеше
Қолыма алып жүремін. (кітап)
2. Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (мектеп)
3. Оқытады жазда,
Оқытады қыста
Тілсіз дана ұстаз. (кітап)
4.Сай бойында сары алтын. (Білім )
4 тапсырма:Енді кітапты оқу ережелерімен танысайық.
Тәрбиеші:
-Балалар , сендер кітапті қайдан алып оқисыңдар? Кітапханадан.Кітапханашы бізге кітапты күтіп ұстау ережелерін айтып берсін.Олай болса кітапханаға саяхат жасайық.
Балалар: Сәлеметсіз бе?
Кітапханашы: Сәлеметсіңдер ме,балалар!Қош келдіңдер кітапханаға менің есімім Амира осы кітапханада жұмыс жасаймын. Кітаптар жайлы мағлұмат береді.Кітаптар бірнеше түрге бөлінеді: балаларға арналған,әдеби танымдық,шығармалар,поэмалар,томдар т.б...
Ережелері:
Кітапты ұқыпты,таза ұстау қажет.
Кітап оқып отырғанда ортасына қалам,қарындаш салуға болмайды.
Жыртылған кітапты желімдеу ол көп жылдар бойы қызмет ету қажет
Кітапты таза қолмен оқы.
Тамақ ішіп отырып кітап оқуға болмайды..
Кітаптың беттерін бүктеме.
Кітаптың ортасына қалам, қарандаш, дәптер салма.
Жыртылған кітапты желімде.
Кітапты сызуға, жыртуға болмайды.
Кітапты шкафта немесе полкада сақта.
Алған кітапты уақытында тапсыр.
Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
Алдын ала жұмыс: Кітапханашы балалар, сендерге бір тосын сый бар.Қараңдаршы,мына жерде өздерің қолдарыңмен жасаған кітапшаларыңды апайларың маған әкеліп көрсетті өте жақсы жасағансыңдар.Қане, кім маған әңгімелеп береді. (2-3 бала күнделікті жаттаған мақал-мәтел, жұмбақ, ертігіге байланысты суреттер салады,суреттер қиып жапсырып өз қолдарымен жасаған кітапшаларын әңгімелейді)
5 тапсырма:Тақпақтар
Эфе:
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысақ кітап сырын ашып терең.
Айсана:
Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
Әзиз:
Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние-мүлік
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
Бөгде ғаламшарлық:
«Балалар, сендер шынымен де кітаппен дос екенсіңдер. Кітап оқысаңдар білімдерің толады. Білімді, парасатты адам боласыңдар.Ойларыңа түйіп алыңдар. Сиқырлы кітаптың ашылуы.Ой балалар,бұл жай кітап емес сөйлейтін кітап,осы кітапты сыйға тартамын. Сонымен бірге мен сендерге кітаптың арасына салатын белгі бауды сыйға тартамын. Балақайлар, мен сендерге сәттілік тілеймін!»
Тәрбиеші:балалар, ішінде көптеген ертегілер бар екен топта тыңдаймыз.
Қорытынды:
1. Кітаптар тұрағы қалай аталады? (Кітапхана)
2. Кітаптармен жұмыс істейтін маман қалай аталады? (Кітапханашы)
4. Балаларға арналған қандай газет - журналдарды білесіңдер? («Бала мен балабақша», «Балдырған», «Мөлдір бұлақ» т. б.)
6. Қазақ әліппесін жасаған, алғаш оқу құралын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынов)
Барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді.