25
январь
2022
Жадынама "Баланың мінез-құлқы туралы не білесіз?" психолог Абильдаева А.Б.
Кейде балаларымыздың ойын түсіну қиынға соғып, әрі-сәрі күйге түсіп, тіпті ашу шақыратын кездеріміз болады. Сондықтан ата-ана мен баланың жеңіл тіл табысуы үшін, баланың мінез-құлқын, ойын анықтауға мүмкіндік беретін тестілерді қарастырдық. Балаңыздың тілін тапқыңыз келсе, төмендегі тестілерге назар салыңыз.
1. Зефир тесті (4-5 жастан жоғары)
Тестінің екінші атауы – қалауын кейінге қалдыру арқылы сынау. Ол балаға ойлаудің стратегиялық және тактикалық түрлерінің қайсысы жақын екенін түсінуге көмектеседі. Стратег арадағы келісімнен ұтар табысы ертесі күні артар болса, бүгінгі ұсыныстан бас тартуға дайын. Ал тактик ертеңгі күнді күтпейді және бүгінгі күні қолда барды қанағат тұтады.
Қажетті заттар: тәтті-дәмділер, үстел, орындық және баланың назарын аударатын дүниелерден (теледидар, телефон, ойыншықтар) бос бөлме.
Не істеу керек: баланы үстел басына отырғызып, алдына тәтті-дәмділер қоямыз. Мұнан соң балаға ойын шартын түсіндіреміз. Яғни шарт бойынша бала бөлмеде жалғыз қалған кезде ғана тәттілерден дәм тата алады. Егер ол төзімділік танытып, 10 минуттай уақыт күтсе, сіз тағы басқа тосынсыймен ораласыз. Нәтижесінде бала екі есе сый алады. Егер сіз қайтып келгенге дейін үстелдегі тәттілерді тауысып қойса, тосынсыйдан құр қалады.
Неге назар аудару қажет: кей балалар тәттілерді бірден жеп қояды. Ал көбісі соңғы минутқа дейін төзімділік танытады: көзін қолымен жабады, ойын басқа дүниеге бөлу үшін, тәттілермен ойнайды. Бірақ шыдай алмай, тәттілерден дәм татады. Бұл тактиктердің әрекеті. Балалардың үштен бірі ересек адамның қайтып келгенін күтеді. Есесіне үлкен сыйлыққа қол жеткізеді. Бұл стратегтерге тән әрекет.
2. Түрлі түсті конструкторлар және бояғыштармен ойналатын ойын (3-7 жас аралығы)
Тест баланың интроверттік не экстраверттік қасиеттерін аңғаруға көмектеседі.
Қежетті заттар: кішкентай балалар үшін түрлі түсті конструкторлардың үлкен түрлері жарамды, ал 5 жастан асқан балаларға бояғыш пен қарындаш, фломастер керек.
Не істеу керек: балаға конструктор беріп, үй тұрғызуын тапсырамыз. Үйдің пішіні қандай болып шығатыны маңызды емес. Бастысы, кішкентай сәулетшіге толықтай еркіндік беріңіз.
Ал 5 жастан асқан балаға бояғыш пен фломастер беріп, асығудың қажеті жоғын түсіндіреміз. Бала суретті қалауынша бояуы тиіс. Және асығыстық танытпағаны жөн. Сонымен қатар суретті бояуға таңдаған түстеріне назар аудару қажет емес.
Неге назар аудару қажет: егер бала түрлі түсті бөлшектерден үй тұрғызса, түс таңдауында белгілі бір тәртіп бар-жоғын тексереміз. Егер түрлі түсті конструкторларды араластыра отырып құрастырса немесе үйдің әр бөлігі өзіндік түске иеленсе, баланың бойында интроверттік қасиеттердің басым болғаны. Ол заттың пішінінен бұрын, сипатына үлкен мән береді. Ал егер бала бояғыштағы суреттерді бояса, суретті бояғандағы ынта-ықыласына, мұқияттылығына назар аударуымыз керек. Бала белгіленген шекарадан аспай, сызықтың бойымен бояса, алдыңыздағы баланы интроверт ретінде білгейсіз.
3. Тұзды және тәтті ботқамен жүргізілетін тест
Тест баланың қоғамдағы мінез-құлқын анықтауға мүмкіндік береді. Балаңыз дау-дамайдан басын алып қашу үшін көпшілікпен келісе ме әлде өз көзқарасын, ұстанымын қорғай ма? Сонымен қатар тест арқылы баланың көшбасшылық қасиетін байқай аласыз.
Қажетті заттар: отбасы мүшелері немесе бірнеше досы, тәтті ботқа салынған тәрелкелер
Не істеу керек және неге назар аудару қажет: үлкендер мен балалар дастархан басына отырып, ботқа ұсынылады. Дәмін татқаннан кейін отбасы мүшелері немесе достары ботқаның тым тұзды екендігін, жеуге жарамайтындығын айта бастайды. Дәл осы уақытта баланың назарын болып жатқан жайға аудару маңызды. Отырғандардың әрқайсысы ботқадан тағы бір мәрте дәм татып, тұз көп қосылғандығын қайталай бастайды. Кезек айналып балаға келеді. Ендігі оған сұрақ қоюыңыз керек: ботқа тәтті ме әлде тұзды ма? Ортадағы келісімді бұзғысы келмейтін және «ережеге қарсы әрекет жасай алмайтын» балалар ботқаның тұзды екендігін айтады. Олар болып жатқан жайды құдды ережесі өзгерген ойын іспетті қабылдайды. Сол себепті өзгелерден қалыспау үшін, түсінбесе де, жаңа ережеге бағынады. Мұндай балалар үшін ботқаның дәмі туралы өзіндік пікірінің маңызы «топтағы ойынды жалағастыру» мүмкіндігінен әлдеқайда төмен. Ал бала ботқаның тәтті екендігін айтса ше? Онда оның тәрелкесіндегі ботқаның дәмін байқап көріп, қайтадан ботқаның тұзды екендігін айтамыз. Егер бала өз пікірінен қайтпай, қорғай білсе, оның бойында көшбасшылық қасиеттер бар. Мұндай бала үшін өзгелердің өзі жөніндегі ойы маңызды емес. Маңыздысы – өзі дұрыс санайтын ойды жасырмай айта білуі.
4. Люшер тесті
Бұл тест арқылы баланың таңдаған түсіне негізделе отырып тұлғалық қасиеттерін аңғаруға болады. Оған небары 5 минут уақыт қажет.
Тестті ойлап тапқан – швейцариялық психолог Макс Люшер. Психологтың пікірінше, түсті қабылдау объективті болса, белгілі бір түске артықшылық беріп, ұнату – субъективті дүние. Ол адамның психологиялық ахуалын көрсетіп, тұлғалық қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Не істеу керек және неге назар аудару қажет: мына сілтеме (https://psytests.org/luscher/fullcolor-run.html) бойынша өтіп, балаңызбен бірге тест тапсырыңыз. Ересек адам берілген сұрақтарды қойып отырса, бала түстерді белгілеу арқылы жауап береді. Соңында тест нәтижесі көрсетіледі.
5. «Оңқай әлде солақай?» тесті
Баланың 2 жастағы кезінде-ақ қай қолының белсенді екендігін анықтай аласыз. Арамызда екі қолы теңдей белсенділік көрсете алатын адамдар да бар. Оларды амбидекстр деп атайды. Баланың қолдарының қайсысы басымдылық танытатынын анықтау – ата-аналар үшін бала тәрбиесінде өте маңызды. Солақай баланы оңқай қылуға тырысу дұрыс емес. Мұндай әрект баланың дамуына кері әсерін тигізеді. Көбіне солақай адамдардан әртіс, суретші, жазушы шығады.
Кішкентай балалар үшін ұсынылатын әдіс:
Бала көбіне қай қолын жиі қимылдататынын, пайдаланатынын анықтау. Яғни күрекшені ұстағанда, ойыншыққа қол созғанда, қалаған затын нұсқағанда қай қолын пайдаланатынына назар аударыңыз.
3 жастан асқан балаларға арналған әдістер:
- Баладан саусақтарын айқастыруын сұраңыз. Қай қолының бас бармағы жоғарыда болса, сол қолы басымдылық танытады.
- Балаңыз бөтелкенің қақпағын қай қолымен ашады? Назар аударып, бақылап көріңіз. Қай қолымен ашса, демек сол қолының басымдыққа ие болғаны.
- Баладан кеуде тұсына қолын айқастыруын сұраңыз. Жоғарыда орналасқан қолы белсенді болып табылады.
6. Клара Дэвистің тәжірибесі
Дәрігер Дэвистің топшылауынша, баланың кішкентай күнінде-ақ миы өздігінен қалай дұрыс тамақтану керектігін ұғына алады. Бірінші тест үшін Клара 8-10 ай аралығындағы 3 баланы таңдап алған. Олар бұрын тек анасының сүтімен тамақтанғандықтан, тамақтың белгілі бір түріне деген құштарлығы қалыптаса қоймаған. Тәжірибе барысында балалар тамақтанған сайын алдарына 8 тәрелке қойылған. Олардың ішіне көкөністер, жемістер, жұмыртқа, ботқа, ет, қара нан салынып, сүт, су, шырын құйылған. Бала тамақтың қай түрімен ауқаттанатынын өзі таңдайды. Егер қолын күріш ботқасы бар тәрелкеге салып, соны жейтін болса, оған бір шай қасық күріш ботқасы беріліп отырған. Мұнан соң Клара баланың келесі таңдауын қай тамаққа түсетінін күткен. Ол тағы да ботқаны немесе басқа тағамды таңдай алады. Осылайша Дэвис 3 нәрсені аңғарған:
- Осы әдіс бойынша ұсынылған тағамдар ішінен қалағанын өзі таңдап жеген бала жақсы дамыған. Олардың ешбірі артық салмақ қоспаған және арықтамаған.
- Мұнда белгілі бір жүйе жоқ сияқты көрінгенімен, бала біраз уақыт ішінде өзіне қажетті элементтерді ала алған.
- Баланың тәбеті әр уақыт өзгеріп отырғанымен, ол түпкі нәтижеге еш әсерін тигізбеген. Балалардың бірі бірнеше күн бойы тек көкөніспен ауқаттанып, мұнан соң бірден ет немесе балықты таңдаған. Қалаған тағамының мөлшері де өзгеріп тұрған: бір кездері сүтті көп ішсе, артынша сүт жайлы ұмытқан кездері де болған-ды. Осылайша баланың миы ағзаның қажеттілігіне қарай қандай тағамдар жеу керектігін анықтайтыны аңғарылған. Клара Дэвис бұл тәжірибені сәл үлкенірек балаларға да жүргізіп көреді. Тәжірибеге денсаулығы мықты және аурушаң балаларды іріктеп алып, әрқайсысын жеке бақылаған. Бірақ балалалардың көрсеткен нәтижесі бірдей болып шыққан.
Не істеу керек және неге назар аудару қажет: бұл тәжірибені үйде жасап көруіңізге болады. Оның еш қиындығы жоқ. Баланың тағам үлесін тағамның түрлері бойынша бөліңіз: көкөністер, жемістер, ет, балық, қара нан, дәнді дақылдар, сүт өнімдері, балаларға арналған шырындар мен шай. Бала ересек адаммен бірге отырып, алдағы 1-2 күндік тағам үлесін құра алады. Кей ғалымдар тағамдық өнімдерді әр маусымға байланысты таңдаудың маңызды екендігін айтады. Мысалы, маусым айында балаға жемістер ішінен құлпынай ұсынсаңыз, тамызда қауын не қарбыз беріңіз.