Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі:
(8727) 279-75-94
Телефон/факс:
(8727) 393-30-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр"атты әдеби-сазды кеш әдіскер Намазбекова Г.А. тәрбиеші Мұқаш Ә.С.
03
февраль
2021

"Мұқағали-мәңгілік ғұмыр"атты әдеби-сазды кеш әдіскер Намазбекова Г.А. тәрбиеші Мұқаш Ә.С.

«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кештің сценарийі.
 Ұйымдастырушы
лар:
Тәрбиеші: Мұқаш Ә.С
Психолог: Абилдаева А.Б
Тақырыбы: Мұқағали – мәңгілік ғұмыр. 
 Мақсаты: 
М.Мақатаев өмір жолымен, шығармашылығымен танысу. 
 
 
Жоспары:
 
1. Кіріспе бөлім
 2. Мұқағали - мәңгілік ғұмыр 
 3. «Поэзия – жүрек тілі» (Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу)
 4. «Құлақтан кіріп бойды алар» (Әндерін орындау)
 5. «Жазылар естеліктер мен туралы» (Ақын жайлы)
6. Тренинг: «Бір сәт»
Тәрбиешілерді ортаға шақыру.
1-жүргізуші:
Арулар - асыл жандар!
 Шуақ боп шашылғандар,
 Қуат боп тасынғандар,
 Құшақ боп ашылғандар,
 Арулар -- асыл жандар!
 Арулар - асыл жарлар!
 Арулар - әрбір үйдің шаңырағы,
 Әрбір үйге от болып жағылады.
 Әрбір үйде таң болып атты-дағы,
 Әрбір үйге сәуле боп жамырады.
2-жүргізуші:
 Жимайды-ау бір шашылған шуақтарын,
 Саясына келеді-ау, шуақтағың.
 Жамандыққа қиярсың қалай ғана,
 Жайнаған бір-бір үйдің шырақтарын.
 Арулар - асыл жарлар, сағыныштар,
 Өтініштер, құшақтар, жалыныштар...
 Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды,
 Жақсы көрсе балқытып, жанына ұстар.
 Арулар - аяулылар, ардақтылар,
 Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
 Арулар - тіршілікке күре тамыр,
 Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.
 1-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді әріптестер! 
 2-жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. 
 1-жүргізуші:
 
Кезінде ақиық ақын М. Мақатаев: 
 «Ақынмын деп қалай мен айта аламын, 
 Халқымның өз айтқанын қайталадым. 
 Күпі киген қазақтың қара өлеңін, 
 Шекпен жауып өзіне қайтарамын», - деп қарапайым қазақтың қара өлеңінің жілігін шағып, майын ішті. Дегенмен, өзінің әділ бағасын ала алмай кеткен ақынның әділ таразысы халық болды. Оны күллі халық сүйіп оқиды. Мұқағали шын мәнінде, біртуар екенін халыққа таныта білді. 
 2-жүргізуші: 
 
Күй ойнайды қазағымның қанында, 
 Күй ойнайды қазағымның жанында,
 Жүрегімнің, жүрегінің дүрсілі 
 Күмбірлеген домбырасы барында.

 1-жүргізуші: 
 
Ақынды әжесі Тиын баққандықтан шешесі Нағиманды «Нақа» деп атаса керек. Анасы Нағиманың айтуынша, Қарасаздың Шалкөде жағы жағы саздау екен де, сазда қаз жақсы өседі екен. Шешесінен екі қаз сұрап алып, почта машинасын айдайтын орысқа қазды беріп, орыс тілінде жазылған әдебиеттерді алып қалады екен. Машина келесі қайтып келгенше кітаптарды оқып, белін буып дайындап қояды екен.Міне, ақын осылайша бір орысы жоқ таза қазақ ауылында білімін көтерген.
Ән: «Шәлкөде» 
Орындайтын: Бекбосынова А.Қ
 
 

2-жүргізуші: 
 
Көрер едің 
 Шаламын ба, отпын ба? 
 Білер едің, 
 Ақынмын ба, жоқпын ба?
 Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда, 
 Көктенетін Махамбет те жоқ мұнда. 
 1-жүргізуші: 
 
Сырым да осы, 
 Жырым да осы, 
 Алдыңда. 
 Байқашы бір, 
 Бықсыдым ба, жандым ба? 
 Махаңдар жоқ, 
 Махаңдардың сарқыты –
 Мұқағали Мақатаев бар мұнда , - деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың бүгін туған күні. 
 
 
2-жүргізуші: М. Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы өңірде колхоз ұйымдастырушы болды. 1941 жылы майданға аттанып, содан оралмады. Шешесі Нағиман қарапайым шаруа адамы еді. 
 Өлең:«Қара саз»
Оқитын: Саруарова Ғ
1-жүргізуші: Балалық шағынан–ақ ақын ерте есейді, еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметінде болды. 1954-1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды, 1962-1972 жылдар аралығында «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында білім меңгерушісі, 1972-1973 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеді. 

 2-жүргізуші: Мұқағалидың тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды. Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға, жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір - дастан», «Атамекен», «Райымбек», т.б кітаптары жарық көрді.
Өлең: «Түнгі Алматы»
Оқитын : Жомартова Жансая Дәулетқызы
 
 

1-жүргізуші: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлеңі, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды. 

 Өлең: «Анашым»
Оқитын: Уалиева А.М
2-жүргізуші: Бүгінде ақынның ортамызда болмағанына налимыз, ал медет тұтармыз – алып ақынның өзінің көзіндей көрінетін өркеш-өркеш өлеңдері халқынан қалтқысыз бағасын алып, келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады. Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында аласармаумен қымбат та құнды. 

 1-жүргізуші: Мұқағали – біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен. 

 2-жүргізуші: Ендеше, қашан да ақиқаттық ақ туын көтеріп, әділет пен адалдақты тең ұстаған ақынның ғажайып сырлы өлеңдеріне кезек берейік. 
 
 
Өлең: «Бір адам өлсе»
Оқитын: Төлендиева Ақдидар Құрасбекқызы
 1-жүргізуші:
Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы. Халық көңілін сусындатқан, ақын өлеңдерінің көпшілігі өмір туралы, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жыр етеді. 
 2-жүргізуші: 
 
Өмір дегенге 
 Тірлікте,сірә, жетер ме ой!
 Жарық сәуледен 
 Басқаның бәрі бекер ғой, 
 Бекер ғой бәрі, бөтен ғой, 
 Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой!
Өлең: «Әке»
Оқитын: Смагулова Роза Абдинурқызы
 

 1-жүргізуші: Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. 
 2-жүргізуші:
 
Пай! Пай! Пай! 
 Киелі неткен жер!
 Батырлар дүрілдеп өткен жер, 
 Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер, 
 Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
 
 
1-жүргізуші: Иә, ұлы ақынның сезімінде, туған еліне деген махаббатында шек бар ма?! Ендеше, Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Сарыжайлау» әніне кезек берейік.
 Орындайтын: Умирбаева Айгүл Маратбекқызы

2-жүргізуші:
 
Қарсы алмаса, 
 Құрсын, қарсы алмағын, 
 Ән салып бер, 
 Әніңмен жан сап маған!
 Жаңғырып жасыл тау жөнелсін бір, 
 Жатсын ұйып жапанда дел-сал далам. 
Өлең: «Дос болам десең»
Орындайтын: Бекбосынова Анар Құрманжанқызы
 1-жүргізуші:
 
Ән сал, жаным,
 Әніңмен тербет мені 
 Бір сәтке тынсын тірлік жер көктегі.
 Дала ұйысын,
 Дамылдап таулар жатсын, 
 Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі.
 
 
Өлең: «Аулақ,аулақ»
Оқитын: Жарылқасын Жауқазын Қуанғалиқызы
2-жүргізуші: Құрметті көрермен қауым, «Ғасыр ақыны» атанған ақиық ақынның өз даусымен оқыған өлеңдерін естудің сәті түсіп тұр.
1-жүргізуші: Ендеше, экранға назар аударайық.
/Ақынның өз даусымен оқыған өлеңдерін тыңдау/
1-жүргізуші: 
 
«Құлақтан кіріп бойды алар, 
 Әсем ән мен тәтті күй.
 Көңілге түрлі ой салар, 
 Әнді сүйсең, менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай, келесі кезекті әсем әнге берейік.
Ән: «Есіңе мені алғайсың» 
Орындайтын: Уалиева Айнур Мамайқызы
1-жүргізуші:
 
О, махаббат! 
 Сен әлі тірі ме едің, 
 Көзімнен ғажап болған күнім едің, 
 Гүлім едің...
 Елтіген түнім едің, 
 О, махаббат! 
 Сен әлі тірі ме едің?!
 2-жүргізуші: 
 
О, махаббат!
 Сен әлі тірі ме едің?
 Тірі ме едің...
 Мен әлі тірілемін! 
 Ақ періште алдында жүгінемін. 
 ...Қолдай гөр, ғашықтардың пірі, мені!-деп ақын жырлаған екен.
Өлең: «Бұлқынып жатыр»
Орындайтын: Мұқаш Әсем Садықбекқызы

 1-жүргізуші:
Табиғатында адамға жаманшылығы жоқ, жаны жуас, жомарт, өзін басқаның бәрінен кіші санайтын ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені. 
Өлең: «Шеше сен бақыттысың»
Оқитын: Өтебай Мақпал Тұрсынәліқызы
1-жүргізуші: Сәби болғыңыз келе ме?
2-жүргізуші: Әрине, сәби болғым келеді.
«Сәби болғым келеді» әні, қабыл алыңыздар.
 
 
2-жүргізуші: Осымен М.Мақатаев шығармашылығына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кешімізді аяқтаймыз.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив