Сайыс"1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне,Тәуелсіздік мерекелеріне" арналған мәнерлеп тақпақ оқу
Тұңғыш Президент күніне,16- желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне арналған өлең оқу сайысы
Тақырыбы: «Тәуелсіздік жемісі»
Мақсаты: Балалар жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу..
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
Жүргізуші: - Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары! Бүгінгі Тұңғыш Президент күніне,16- желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне арналған өлең оқу сайысы атты салтанатты мерекемізге қош келдіңіздер.
Әсем сазы басталған таза ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Ересек «Балапан» тобы балаларының өлең жолдарын қабыл алыңыздар
Марат Ерсұлтан:
Қазағымның туын тікке –Елбасы!
Ұл-қызынан үміт күткен-Елбасы!
Қазақ елін аялаған-Елбасы!
Қиындықта сая болған-Елбасы!
Жиырма жылдай еліңді,
Сүріндірмей келесің.
Құлатай Аймира:
Шықты тарап ой данадан
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар президенті.
Ол да аямай жанды салды,
Жету үшін мұндай сыйға.
Амангелді Каусар:
Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман-саужүрші, Атамыз.
Әлібек Айзере:
Бағдарлап елдің ертеңін,
Тыныштық тауып жатпаған.
Болашақ үшін тер төгіп,
Үмітін елдің ақтаған.
Жүргізуші:Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар
Туған жердің жайқалған алқабы егін,
Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің. Ендігі кезекті ересек «Қарлығаш»тобының балалары ортада
Құрманғазы Алихан
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Амоян Мирон
Мы трудиться не устанем
Дружбу верную храним,
Ведь такими же, как Назарбаев
Все мы вырасти хотим!
Каждый день зимой и летом
Мы приходим в детский сад
Ясным солнышком согретый,
Со знакомого портрета
Смотрит Назарбаев на ребят.
Жүргізуші:Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!-дей келе кезекті тақпақтарымызға берейікЕресек « Маржан» тобының балалары
1.Төлеген Әділ
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,
Туған тілім, шұбарланба- жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін,
Бас иемін, ата-баба рухына.
Бойымда әні, бұлақ жатыр бұрқырап,
Сол, бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана,
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
2.Дюсембай Адель
16-желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеде ел қуанып,
Шатттанып ән салған күн.
Жасасын, азат ерлік күн,
Жасасын, бейбіт елмен жер.
Бостандық алған қазақтың,
Мәртебесін көрсін ел.
Жүргізуші:Қалың жұртым, қазағым, мақтан бүгін,
Жан сырыңды жайып сап ақтар бүгін.
Мерейі үстем мерекең болсын құтты,
Сан ғасырлар жоғалтып тапқан бүгін.
Тәуелсіздік тұғыры еркіндігің,
Күмбірледі күй болып шертілді үнің.
Келген жоқ қой бостандық бостан босқа,
Шым болаттай, қазағым, серпіл бүгін.
Құлаш ұрды ғарышқа өркеніміз,
Бүгінімен басталды ертеңіміз.
Аспаныма арайлап нұр қаптады,
Өзіңдікі өзге емес өз төріміз-дей келе ортаңғы «Барыс»тобының балалары ортада
Сұлтанбаев Қайсар
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеге ел тосқан
Атамменен барғанмын.
Мерекеге шығады
Бүкіл халық біліп қой.
Отандастар ұғады
Тәуелсіздік –ұлық той.
Нұртаза Аянат
Бабамның да арманы
Осы еді ғой аңсаған
Тәуелсіздік таңдары
Бақ береді баршаға
Көк туымды қолым
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолына
Менің Қазақстаным.
Талап Алан
Аралаймын алаңды
Тәуелсіздік күні мен.
Батыр Қайрат ағамның
Суретіне үңілем.
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеге ел тосқан
Шырқатып ән салған күн.
Жүргізуші:
Арайланып, шуақ шашар таң күліп,
Бақыт жолы жатыр алда жаңғырып.
Бағзылардан аңсап жеткен Еркіндік –
Ұлы Дала Елі үшін – Мәңгілік!
Ардақтайтын ана тілім – бастауым,
Ата Заңым – арқа сүйер асқарым!
Армандаған болашақты баянды
Арландары – жалындаған жастарым! –деп жырлағандай мектепалды даярлық «Жұлдыз»тобының балалары ортада
Сырымқызы Амира
«Тәуелсіздік»
Жарқырап жұлдыз туды елімізде,
Түсіріп жарық сәуле жерімізге.
Оқып өсіп мыңнан бір озып шыққан.
Атадан батыр туған еншімізге.
Тырысқан шаң жуытпай жақсы атына,
Еңбекпен жеткен талай мақсатына,
Ұстады- тәуелсіздік шылбырынан,
Жетіп бір көп арманның - арманына.
Қуанды ата да қарт, сәби де жас,
Қуаныштан төгілді анадан жас!
Той қылып желтоқсанда халқым менің,
Өртенді іші күйіп, қазаққа қас!
Ақсақалдан халқымыз бата алған.
Өркендеуге жаңадан орда салған,
Арыстан туған қазақ бүгін міне,
Қанаты кең жайылған, барыс болған.
Елі үшін, жері үшін қазағымның
Тарихтан жаңғырады азап үнің,
Ақталып қан мен тері бабалардың,
Орындалды басты арманы- Қазағымның!
Аманғазы Алдияр
«Тәуелсіздік ақ таңы»
Күнім нұрлы, түнім жарық,
Асыл мамық жастандық.
Жүрек жылы, ойым анық
Рахмет, саған, Бостандық!
Көзім ашық,санам жарқын,
Болашаққа сертім нық.
Алшаң бассам, білем парқын,
Қадірлеймін, Еркіндік!
Дінім биік, тілім құнды,
Болмысым бар қазақтық.
Үнім жарқын бұлбұл сынды,
Қастерлеймін, Азаттық!
Ері – батыр, қызы – иба,
Ербол, Ләззат – керегем.
Бірлігімді Аллам қима,
Менің елім – Егемен!
Нұрлан Дильназ
«Тәуелсіз елім»
Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің,
Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл.
Тәуелсіздік – сыбағасы халқымның,
Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым бұл.
Тәуелсіздік – бабам берген аманат.
Тәуелсіздік- келешектің кепілі.
Тәуелсіздік- жүрмін сені бағалап,
Тәуелсіздік -өткен күннің өтілі.
Тәуелсіздік – тәубе екен бүгінде.
Тәуелсіздік – тәубе сенің барыңа,
Тәуелсіздік- әр сәбидің үнінде.
Тәуелсіздік -әр қазақтың жанында!
Молдағали Айя
Он алтыншы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Атамменен барғанмын.
Мерекеге шығады,
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады
Тәуелсіздік - ұлық той.
Аралаймын алаңды,
Тәуелсіздік күні мен.
Батыр Қайрат ағамның,
Суретіне үңілем.
Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан,
Шырқатып ән салған күн.
Жүргізуші:
Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді ұмытпайық. Құрметті қонақтар, бүгінгі Тұңғыш Президент күніне,16- желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне арналған өлең оқу сайысы аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп рахмет.Меңгеруші Махамбетова Мейрамкуль Аблайхановнаға сөз беріледі.