Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі:
(8727) 279-75-94
Телефон/факс:
(8727) 393-30-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тақырыптық іс-шара "Елін сүйген елбасы"ересек"Қарлығаш"тобы тәрбиеші Уалиева А.М. муз.жетекшісі Умирбаева А.М.
27
ноябрь
2020

Тақырыптық іс-шара "Елін сүйген елбасы"ересек"Қарлығаш"тобы тәрбиеші Уалиева А.М. муз.жетекшісі Умирбаева А.М.

«Елін сүйген елбасы»

(Музыкамен балалар кіріп тұрады).


ГИМН орындалады.

Жүргізуші:

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
 Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
 Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
 Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
 
 Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
 Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
 Елбасыны құрметтейтін ерекше
 Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

— Балалар, біздің бүгінгі мерекеміз Нұрсұлтан атамызға арналмақ. Себебі 1-ші желтоқсан ең бірінші тұңғыш президентіміз елбасы Нұрсұлтан атамызды сайлаған күн.

-Н.Ә.Назарбаев  1940 жылы  6-шы шілдеде,Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағыҮшқоңыр  жайлауында  дүниеге келген. Оның балалақ шағытаршылықта өтті.  Өйткені бұл кезде еліміз Ұлы отан
 соғысының  зардаптарынан қиыншылықты бастан өткерген еді.  Қиыншылықтарға қарамастан  ол зерек, алғыр болды.
 Мектепте үздік оқыды.. Бала кезінде ұшқыш болуды армандады.


 Ал Нұрсұлтан атамыз қандай болған? Оны білу үшін экранға назар аударайық. (Теледидардан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау сөзі қойылады).


Саяхат. Нұрсұлтан атамыз туралы көбірек білу үшін балалар, жұмыс жасаған қалаларға саяхат жасайық. Қане барлығымыз ұшаққа отырамыз.


Алғашқы жұмыс қадамын Нұрсұлтан атамыз Қарағанды қаласында бастаған. Осы Қарағандыда не бар? (көмір). Кенші атаның ескерткіші орналасқан бұл қала көмірге бай. 


Жүргізуші:Қане балалар ортаға шығып елбасы туралы тақпақтарымызды айтып берейікші.


Тақпақтар:


  1. Ел тынысын тереңінен танып кең,
     Шарапаты бар адамға дарып тең.
     Елбасының есімі бұл тарихта
     Қалар анық өшпес алтын әріппен.


  1. Мақсатына жету үшін алдағы,

Әу бастан-ақ, дұрыс жолды таңдады.

Сол азамат Нұрсұлтаның емес пе,

Орындаған бабалардың арманын.


  1. Ер болдық ерік алдық астаналы,

Енді кімнен қазағым  жасқанады.

Тәуелсіз  мемлекеттің   шежіресі,

Нұсұлтанның атымен басталады.


  1. Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды,

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері  болмайды.


Жүргізуші:Қазір балалар Елорда  қай қалада? (Нұрсұлтан) Бұл қала біздің елордамыз. Ал Нұрсұлтанда қандай ғимараттар бар? —Ия, бәйтерек,пирамида,ханшатыр, ақорда, т.б. бар. 

Қазір еліміздің  екінші президенті кім?

- Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

-Иә! Дұрыс айтасыңдар. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған. Әкесі – Кемел Тоқайұлы Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, Шешесі – Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында қызмет еткен.
 Еңбек жолын 1975 жылы КСРО-ның Сыртқы істер министрлігінде бастап, 2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант қабылдады.

Жүргізуші: Елбасымыз  тәуелсіздік, еркіндік үшін күресіп Отанымыздың болашағы, балаларды қорғауға, білімді азамат етіп өсіруге күш салып, қаншама еңбек етті.


Ән: Отаным»


Біз қай қалада тұрамыз? (Алматы). Ия, Алматы қаласында қандай әсем жерлері бар? (жауаптары)


Тақпақтар:

  1. Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-саужүрші, Атамыз.


  1. Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,

Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.

Жер шары әлемдегі барлық елдер,

Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.


  1. Арманын орындадың бабалардың,

Көтердің көкшіл туын даналардың

Қазақтың асқақтатар өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың.


  1. Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.

Жүргізуші:

Біздің топтың ұлдары,

Шеттерінен өнерлі-ақ.

Қазақ биін сіздерге,

Билеп берер қәзір-ақ.

Би: «Ассалаумалейкум»


Жүргізуші:Әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Біздің Қазақстан өте үлкен, көп ұлтты мемлекет. Бәріміз бір үлкен жанұямыз, бір-бірімізді сыйлап, тату-тәтті өмір сүрудеміз. Сондықтан біз өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, қорғауға тиістіміз.


Ойын: «Кім жылдам?»

Тақпақтар

9.Азаттық теңдік әлемі ,
 Шаттыққа елді бөледі
 Тағдыры тарих өрелі
 Көк тудың желбірегені!

10. Тәуелсіздікті елге сыйлады,
  Бейбітшілікті қалады
 . Орындалып арманы, 
 Халқымызда ажарлы. 
 Осының бәрі әрине,
  Елбасының арқасы.


 11.Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
 Артта қалды бодан болған азап күн
 Елім, жерім қазағым деп тебіренем
 Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.



Жүргізуші: 

Астанамыз Астана

 Қазақстанның қаласы. 

Ең бірінші ел орда, 

Мақтанышым Астана-дегендей  Елордамыз Астананың символына айналған - Бәйтерек   монументі. Ортаға «Бәйтерек» биімен қыздарды шақырамын.


Би: «БӘЙТЕРЕК» БИІ


Бүгінгі іс-шарамызды  батамен аяқтағым келіп тұр.

— Өркенің өссін, жас ұлан
 Білімің өссін, оқыған
 Әрқайсысың ғаламгер
 Шырақ бол,
 Еліңе қорған, құрақ бол.

Осымен Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шарамыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!











Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив