01
июль
2022
Гүлдер апталығы "Әсем гүлдер" мек.даяр. "Қарлығаш"тобы тәрбиеші Жарылқасын Ж.Қ.
Ойын-сауық: «Гүлдер апталығы»
Тақырыбы: «Әсем гүлдер»
Мақсаты: балаларды қайшымен дұрыс жұмыс жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру. Гүлдер туралы түсінігін әрі қарай дамыту. Желіммен дұрыс жұмыс жасауға үйрету.
Керекті құрал-жабдықтар: қайшы, түрлі-түсті қағаздар, желім.
Барысы: Шаттық шеңбері:
Шаттанамыз күлеміз,
Ойнаймыз біз жүреміз.
Шынығамыз жүгіріп,
Үлкен болып өсеміз.
Сұрақ-жауап:
-балалар, жылдың қай мезгілі?
-жаз мезгілі.
-жаз мезгілінің ерекшеліктерін атаймыз.
-күн ысып кетеді, адамдар жеңіл киінеді, әдемі гүлдер өседі.
-өте жақсы балалар.
Бүгін, керемет ойын ойнаймыз.
Ойын: «Әсем гүлдер»
Шарты: балалар саусақтарын түрлі-түсті қағаз бетіне салады, оны қайшымен қиып алып, қағаз бетіне кеңістікті дұрыс бағдарлай отырып гүлді жабыстырады. Гүлді анасына сыйлайды.
Қорытынды: Балаларды мадақтау арқылы қорытындылаймыз.