Гүлдер апталығы ""ересек "Барыс"тобы тәрбиеші Саруарова Ғ.Б.
Тақырыбы: Гүлдер әлемі.
Мақсаты:Гүлдердің түрлерімен таныстыру, гүлдердің түр-түстерін ажырата білуге баулу. Өсімдіктерді күту ережелерімен таныстыру. Сөздік қорын молайту, ойлау сезімдерін дамыту. Гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге , күтуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: гүлдердің суреті
Сөздік жұмыс: қызғалдақ, бәйшешек, бақбақ.
Билингвалды компонент: гүл –цветок, бәйшешек-подснежник.
Мотивациялық-қозғаушылық
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға гүл шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз
Ұйымдастыру-шылық- ізденістік
-Балалар бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Гүлдер әлемі».
Суретпен жұмыс:
-Балалар сендер қандай гүлдің түрлерін білесіңдер? -Бәйшешек, қызғалдақ, бақбақ, раушан.
-Гүлдерді қай мейрамдарда кімге сыйлаймыз.-Аналар мейрамында, туған күнге, досымызға сыйлаймыз.
Барлық гүлдердің патшасы, сұлулық пен әсемдік белгісі.
-Балалар , сендер білесіңдер ме?
Гүлдер әсемділігімен көрік беріп қана қоймай сонымен қатар ауаны да тазартады. Гүлдер жайқалып өсу үшін жаңбырдың суы, күннің нұры, су қажет екен.
Сөздік жұмыс: қызғалдақ, бәйшешек, бақбақ.
Билингвалды компонент:гүл –цветок, бәйшешек-подснежник.
Дидактикалық ойын: «Гүл жина»
Шарты:Негізгі түстерді бекіту, үлгіге қарай пішіндерді жинауды үйрету. Бөлінген пішіндердің түстеріне қарай гүлдерді жинау.
Ал енді балалар біз екі топқа бөлініп жұмыс жасайық:
Сергіту сәті:
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Қорытынды:
Балалар бүгін, екі топта өте жақсы жұмыс жасады. Гүлді аялайық, қорғайық гүлдер өте нәзік келеді. Гүлдер бізге қуаныш сыйлайды. Сендер де осы гүлдер сияқты жайнап жүре беріңдер.