23
август
2022
"Эко аула"қол еңбегі "Қоян" мектепалды "Жұлдыз"тобы тәрбиеші Утебалиева А.Б.
«Эко аула» қол еңбегі «Қоян».
Мақсаты:Балалардың қоян туралы білімдерін толықтыру.Тақырып төңірегіндегі әңгімеге тарта отырып, сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, ұсақ қол моторикасын дамыту.Ұқыптылықпен, сабырлықпен жұмыс жасауға баулып, достарына деген жылы және мейірімді қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбер:
Амансың ба, алтын Күн!
Амансың ба, көк Аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
Жұмбақ жасыру.
Ұзын құлақ қорқақпын,
Үлпілдек жүн томпақпын.
Сәбізді жақсы көремін,
Үнемі қашып жүремін.
- Ол не?
(Қоян).
Балаларды қоянмен таныстырады.Қоянның дене мүшелерін қайталата таныстырады.
Жұмыс барысы:
- Ақ түсті қағаздан құлақтардың пішінің қиып алады;
- Мұрынын қызыл түсті қағаздан қиып алады;
- Көздерін қара түсті қағаздан қиып алады;
- Мұрттарын пішініне сәйкес түтікшеден қиып алады;
- Дайын болған дене мүшелерін ақ түсті стаканға жасырып шығады.
Дайын болған жұмыстарды талқылау, сипаттау.Балаларды мақтау, мадақтау.Дайын болған жұмыстардан көрме ұйымдастыру.