14
июль
2022
Асықтар апталығы "Асық ойнау"ересек "Маржан"тобы тәрбиеші Батырбекова А.М.
Тақырыбы:«Асық ойнау»
Мақсаты: Ұлтымыздың негізгі ұлттық ойындарымен таныстыра отырып, түсіндіріп асық ойындарын ойнату.Асық ойнату арқылы, дәлдікке, мергендікке, ептілікке, жеңіске деген құштарлыққа, әділдікке баулу. Асықпен ойнаудың пайдасы туралы түсіндіру.
Керекті құралдар: боялған асықтар түрлі- түсті, баулар, аспалы қоржын.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік:
Шаттық шеңбері: Біздің топта балалар,
Тату-тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан,
Тек жақсылық жасайды.
-Балалар, сендермен бүгін асық ойындарын ойнаймыз. Асық ойындарының көп түрлері бар.
Олар: «Ханталапай», «Үштабан», «Асық ату» т.б.
Асық дегеніміз- ол үй жануары қойдың сүйегі асықты жіліктен шығады. Сол асықты жинап, өткен заманнан осы асықпен балалар ойнаған. Бұл асық ойындары қазақтың ұлттық ойындары деп айтамыз. Ұлттық дәстүрлер мен құнды заттарды қастерлеу керекпіз. Ендеше, бүгін сендермен «Асық ату» ойынын ойнаймыз.
Асық ойыны ол- дала ойындарының бірі. Көбінде бұл ойынды ер балалар ойнайды. Сондықтан бүгін ойынды ұл балалар ойнайды. Ал, қыздар үшін «Асық тізбектеу» ойынын ойнаймыз.
Ұлдар ойыны: «Асық ату».
Шарты: Сызылған шеңберді айнала отырып, тәрбиеші қоржындағы асықты ортаға шашады. Балалар өздері бөліп алып, санайды да, ішіндегі бір асықты таңдап алып, қалғанын ортаға тізіп қояды. Кезек-кезек дәлдеп ату арқылы өздеріне асық жинайды. Кімде көп жинаған болса, сол бала жеңіске жетеді.
Қыздар ойыны: «Асық тізбектеу».
Шарты: Қыздар дөңгелене отырып, тәрбиеші қоржындағы ортасы тесілген түрлі -түске боялған асықтарды шашады. Қыздарға баулық таратылып, сол баулыққа түстеріне қарай өткізіп тізбектеп береді.
Жарайсыңдар балалар, өте көңілді болды. Ойын сенднерге ұнаса, үнемі ойнап жүретін боламыз.
Ойынға жақсы қатысқан Асылбек, Арыстан, Дінислам, Әмір өздерінің мергендіктерімен көзге түсті. Жарайсыңдар балалар.