08
июль
2022
Қалпақтар апталығы"Туылған күн!"ересек "Маржан"тобы Батырбекова А.М.
Ойын-сауық: «Туылған күн!» (қалпақтар апталығы)
Мақсаты: Туылған күн туралы түсінік беру, туылған күнді мереке ретінде қабылдай білуге үйрету. Мерекелік көңіл-күй сыйлау. Ұйымшылдыққа, сыпайылыққа, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Шарлар, туылған күнге арналған қалпақтар.
Ұйымдастырушылық:
Шаттық шеңбері: Біздің топта балалар,
Тату-тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан,
Тек жақсылық жасайды.
-Балалар, сендер мына қалпақтарды не үшін киесіңдер?
Балалар жауабы: - Туылған күн болған кезде.
-Дұрыс айтасыңдар. Туылған күн дегеніміз- адам баласының өмірге келген күні. Сол күні туылған адамның туылған күнін әр жылда атап өтеді. Жыл өткен сайын жасы ұзарады. Үлкен болып өседі. Сендердің де туылған күндерің бар, сол уақытта атап өтеміз.
-Ал бүгін бізде ерекше бір күн, тобымыздағы Анельдің туылған күні.4-жасқа толды.Анель туылған күніңмен! Өмір жасың ұзақ болсын. Денсаулығың мықты болсын.
-Ал енді, балалар Анельді ортамызға алып, туылған күнімен құттықтайық.
Бәріміз бірге қалпақтарымызды киіп, шарларымызды ұстап билеп берейік.
Би: «Туған күн кеші»
Жарайсыңдар балалар, өте көңілді болды.