25
январь
2022
Кеңес: "Логопедтің қамқор ата-аналарға кеңестері" логопед Аширова Ш.Х.
Құрметті ата-аналар!
Сіздің балаңыз өсіп келеді. Бұл жаста ол көп нәрсені біледі, оның іс-әрекеттері де әр түрлі болады. Сөйлеу қабілеттінің меңгеруі балаңыздың психикалық дамуының әр түрлі аспектілері үшін өте маңызды. Сөйлеу біртіндеп балаға әлеуметтік тәжірибені берудің, оның қызметтін басқарудың маңызды құралына айналады. Сөйлеу дамуының әсерінен, балаңыздың психикалық процесстері қайта құрылады (қабылдау, ойлау, есте сақтау). Бұл жаста, бала айналасындағылардың бәріне қызығушылық танытады және осы кезден бастап баланыздың шексіз сұрақтарды қою уақытты басталады. Мысалы: «Бұл не?», «Неге?», «Не үшін?». Ата-аналар осындай сұрақтарды назардан тыс қалдырмауы керек. Оны қызықтыратын сұраққа жауап алған соң, бала ата-аналарға жиі жүгінеді, бұл өз кезегінде оның сөйлеу қабілеттін дамытады. Ересек адамдар баланың түсінуіне дұрыс және қол жетімді түсініктемелер бере отырып, оның ақыл-ойының қызығушылығын білуге, түсінуге деген ұмтылысын дамытады.
Логопедтің қамқор ата-аналарға кеңестері:
Баланыздың дұрыс сөйлеуінің дамуы ең алдымен, сізге байланысты. Өйткені, сіз балаңыздың негізгі қорғаушысы және қолдаушысы болып табыласыз. Мектепке дейінгі жастағы бала үшін басты үлгі тұтатын сүйікті кейіпкерлері - оның ата-анасы. Сондықтан, балада дұрыс дыбысты айтуын және грамматикалық ережелерге сай сөйлемдерді құруды дамыту үшін келесі кеңестерді ұсынамыз:
1) Ең алдымен, айналаңыздағы адамдармен, балаңызбен қалай сөйлесетініңізге назар аударыңыз. Сіз тез немесе баяу сөйлейсіз бе, балаңызбен сөйлескен кезде барлық дыбыстарды айтуға тырысасыз ба?
2) Ешқашан, баланыздың сөйлеуіне еліктеуге тырыспаңыз. Осылайша, балаңызбен байланыс орнатып, оған деген сүйіспеншілікті танытасыз деп ойлау - қате пікірі. Керісінше, осылайша сіз балаңызда дұрыс емес дыбысты айту дағдысын қалыптастырасыз.
3) Әр іс-әрекет кезінде өз балаңызбен сөйлесіңіз, мысалы, тамақ жасау кезінде, үй жинап жүргенде, киіндіріп-шешіндіргенде, ойнағанда, серуенге шыққанда және т.б. не істеп жатқаныңызды, не көргеніңізді, бала не істегенін, басқа адамдар не істеп жатқандарын және баланың не көріп отырғанын айтып отырыңыз.
4) Асықпай сөйлесіңіз, қалыпты темппен, интонациямен.
5) АШЫҚ сұрақтарды қойыңыз. Бұл балаңыздың жауап бергенде бірнеше сөздерді қолдануға итермелейді. Мысалы: «Ол ойнап отыр ма?» дегеннің орнына «Ол не істеп отыр?». Егер де бала жауабында қиналса, сұрақты қоя отырып «немесе» деген сөзді қолданыңыз. Мысалы: «Бала секіріп тұр ма немесе жүгіріп бара ма?».
6) Баланың сөйлеуіне және сұрақтарға жауап беруіне мүмкіндік үшін, уақытты кішкене созып тұрыңыз.
7) Сізді қоршаған дыбыстар мен дауылдарды таңдаңыз. Балаға айтыңыз: «Тыңдашы, ит қалай үретінін, ал бұл желдің дауылы» және т.б. Ал сосын сұраңыз «Бұл не?». Бұл иттің үруі, желдің дауылы, ұшақтың дыбысы, жапырақтардың сылбыры, өзеннің сылдырлап ағуы және т.б.
8) Қысқа әңгіме, оқиғаны айтыңыз. Сосын балаға бұл оқиғаны сізге немесе басқа кісіге айтып беруіне көмектесіңіз. Қиналған кездеріңде, бағыттайтын сұрақтарды қойыңыз.
Және тек балабақша мен отбасының бірлескен жұмысы баланың дұрыс сөйлеуіне жақсы нәтиже беретінің ұмытпаңыз.