03
июнь
2025
КЕҢЕС "Ас атасы-нан" ата-аналарға
КЕҢЕС: «Ас атасы – нан»
Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ адам баласы өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды. Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. Өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады. Қазақта «қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесек те, амандық болсын» деген де сөз бар ғой… «Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар. Тіпті адам ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып алуға болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған. Нанның қасиетті Құраннан да жоғары бағаланатынын осыдан-ақ білуге болады. Нан – біздің Отанымыздың байлығы ,халықтың негізгі тамақтану өнімі болып табылады.
Нан сапасы егіс шаруашылығымен өте тығыз байланысты.Ал егістіктен біз астық аламыз.Алған астығымыздың сапасы неғұрлым жоғары болса,одан алған өнім сапасы да соғұрлым жоғары болады.Астық өндірілсе – ауыл шарушылығының ірі саласы.Астықтан ұн,нан,макарон,жарма,тәтті тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады.Астықты жер жүзінің түкпір-түкпіріне тасымалдауға қолайлы,ыстықтан да ,суықтан да қорықпайды.Міне,осыдан барып барлық жер жүзіне кең тарап кеткен.Астық тамақ өнеркәсібінің шикізаты болғандықтан,ол ауыл шаруашылығынан тамақ өнеркәсібіне жақын.
Нан – ең қасиетті дәм. Кішкентай кезімізден ең алғаш аузымызға алатын тағам нан екеніне ешкімнің таласы жоқ. Үйімізге қонақ келсе, ең алғаш таттыратынымыз да нан. Асығып тұрған кісі болса, «Ең болмаса нан ауыз тиіңіз» дейді үлкендер. Дастархан басында да ең алғаш нанды жеуден бастаймыз. Нансыз дастарханның да, ішетін астың да дәмі болмайды. Тағамның ең асылы — нан. Бүкіл тіршіліктің өзегі — нанды баршамыз қастерлеуге міндеттіміз. Нанның аяқастында жатқанын көргенде, оны жерге немесе қоқысқа тастаған адамның жүрегі қалай дір етпеді дейсің? Ысырапқа жол бермеуіміз қажет. Алайда, мұны көптеген құрбыларымыз ескере бермейді.
Нан — Аллатағаланың адам баласына сыйлаған ең ардақты тартуы. Қай тағамды алмаңыз, бәрі де нанмен дәмді, нанмен ғана қуатты. Ол біздің алдымыздағы дастарханға келгенше, қаншама маңдай тер төгіледі. Мұны дихан ғана біледі. Сондықтан, нанды қорлауға ешкімнің де қақы жоқ. Алтының тасып, ақшаң көп бола берсін. Бірақ, оған сатып алатын нан болмаса, байлықтың ешбір мәні болмайды. Нан — ешнәрсемен тең келмейді. Оның құнына баға жетпейді.
Ең қасиетті ас – нан, ең қасиетті есім – адам
Жер тойынбайынша, халық та тоймайды.
«Ғасырлар даналығы»
Жоспар:
І. Кіріспе
1. Нан - қасиетті тағам
2. Нанның ұлылығы
ІІ. Теориялық бөлімі
1. Нанның түрлері
2. Қолдану, сақтау жолдары
ІІІ. Зерттеу бөлімі
1. Нанның пісіру жолдары
ІV. Қорытындылау
1. Тағамның ең асылы - нан
V. Пайдаланылған әдебиеттер
Мақсаты: нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп еңбек жұмсалатынын жеткізу, нанды қастерлеуге, еңбек адамын құрметтеуге баулу, сөздік қорларын арттыру
1. Кіріспе
Нан – біздің Отанымыздың байлығы, халықтың негізгі тамақтану өнімі болып табылады.
Нан сапасы егіс шаруашылығымен өте тығыз байланысты. Ал егістіктен біз астық аламыз. Алған астығымыздың сапасы неғұрлым жоғары болса, одан алған өнім сапасы да соғұрлым жоғары болады. Астық өндірілсе – ауыл шаруашылығының ірі саласы. Астықтан ұн, нан, макарон, жарма, тәтті тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады. Астықты жер жүзінің түкпір - түкпіріне тасымалдауға қолайлы, ыстықтан да, суықтан да қорықпайды. Міне, осыдан барып барлық жер жүзіне кең тарап кеткен. Астық тамақ өнеркәсібінің шикізаты болғандықтан, ол ауыл шаруашылығынан тамақ өнеркәсібіне жақын. Астықтан алынатын ең маңызды өнімдердің бірі - нан және нан өнімдері. Нан және нан өнімдері тұрғындардың тамақтануында негізгі орын алады. Бұл өнімдері күнделікті қолданылып отырады, сондықтан да тағамдық құндылығы жоғары болып саналады.
Менің ойымша, дастарханымыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарханыңыз да - орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қажеттілігін, қасиеттілігінің өзі осыдан - ақ көрінеді. Ұнның құрамында адамның бойына нәр беретін, қуат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар.
Бұл тақырыпты таңдау себебім, қазіргі кезде нанның қадірін білмей, аяқ асты немесе қоқысқа тастаған кездері көп кездеседі. Ал сол нанның қандай үлкен еңбекпен, диқаншылардың маңдай терімен, қаншама адам еңбегімен нанның дастарқанға келетініне көз жеткізу. Әр баланың санасына наннан артық өмірде ешнәрсе жоғына мән беру, нанның ешнәрсемен тең келмейтінін, оның құнына баға жетпейтінін дәлелдеу мақсатында алынды.
Тағамның ең асылы — нан. Бүкіл тіршіліктің өзегі — нанды баршамыз қастерлеуге міндеттіміз. Нанның аяқастында жатқанын көргенде, оны жерге немесе қоқысқа тастаған адамның жүрегі қалай дір етпеді дейсің? Ысырапқа жол бермеуіміз қажет. Алайда, мұны көптеген құрбыларымыз ескере бермейді.
Нан — Алла тағаланың адам баласына сыйлаған ең ардақты тартуы. Қай тағамды алмаңыз, бәрі де нанмен дәмді, нанмен ғана қуатты. Ол біздің алдымыздағы дастарханға келгенше, қаншама маңдай тер төгіледі. Мұны дихан ғана біледі. Сондықтан, нанды қорлауға ешкімнің де қақы жоқ. Алтының тасып, ақшаң көп бола берсін. Бірақ, оған сатып алатын нан болмаса, байлықтың ешбір мәні болмайды. Нан — ешнәрсемен тең келмейді. Оның құнына баға жетпейді.