30
июнь
2025
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығы
Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен 2024 жылғы 29 шілдеде өткен кеңестің № 16-04/07-1393 хаттамасының 7-тармағының 2) тармақшысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – Пилоттық жоба) 2025 жылғы 1 қантардан 31 желтоқсанға дейін енгізілсін.
2. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны жүргізу алгоритмі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны жүргізудің жоспар-кестесі бекітілсін;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес өнірлердің Пилоттық жобаға көшу жоспар-кестесі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті (М.Е. Адамова) Пилоттық жобаны әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін және осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін.
4. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті (Н. Нұрлан) Пилоттық жобаны техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.
5. "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы (А.И. Ибраимов) Пилоттық жобаның операторы болып айқындалсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне (Н.В. Жумадильдаева) жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Ғ. Бейсембаев
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 372 бұйрығына
1-қосымша
Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаны жүргізу алгоритмі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаны жүргізу алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) (бұдан әрі – Пилоттық жоба) Пилоттық жобаны жүргізу кезіндегі оның қатысушыларының іс-қимылдарының реттілігін белгілейді.
2. Пилоттық жобаның мақсаты мектепке дейінгі білім беру саласында қызмет көрсететін ұйымға кезекке қою, қабылдау процестерінің және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды автоматтандыру мен оған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін бағытталған бюджет қаражатының нысаналы мақсатын сақтауды қамтамасыз ететін жаңа қатысушыларды тарту арқылы ашықтығын қамтамасыз ету және жетілдіру болып табылады.
3. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1. ақпараттандыру объектісі – Ұлттық білім беру деректер қорымен (бұдан әрі – ҰБДҚ) интеграцияланған, қызметтерді алу үшін бизнес-үдерістердің автоматтандырылған орындалуын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
2. бос орын – МДҰ-ның атауы мен түрі (бөбекжай-бақша, балабақша, санаториялық бөбекжай-бақша, мектепке дейінгі шағын орталық, арнайы бөбекжай-бақша, арнайы балабақша), жұмыс режимі, тәрбиелеу мен оқыту тілі, жас тобы көрсетілген баланы МДҰ-ға қабылдауға арналған бос орын туралы ақпарат;
3. білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы (бұдан әрі – оператор) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және мемлекеттік атаулы стипендияларды қоспағанда, мемлекеттік стипендиялар төлеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 17-тармағында аталған адамдардың бюджет қаражаты шығыстарын жұмыспен өтеу немесе жұмыспен өтемеген жағдайда орнын толтыру жөніндегі өз міндеттерін сақтауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін заңды тұлға;
4. ваучерлік қаржыландыру (бұдан әрі – ваучер) – білім беру қызметтерін алушылар үшін бюджет қаражаты көлемін төлеуді көздейтін, төлеу көлемі жан басына шаққандағы қаржыландыру негізінде анықталатын қаржыландыру тетігі;
5. виртуалды ваучер – бюджет қаражаты арнайы шотты ашусыз МДҰ-ның есепшотына төленетін ваучер түрі;
6. ерте брондау режиміндегі бос орын – қызмет алушы Алгоритмнің 13-тармағына сәйкес күту парағына қоюға берілген өтінішінің негізінде үміткер бола алатын бос орын және таңдалған МДҰ-ға қабылдау рәсімі орын нақты босатылғаннан кейін басталады;
7. қаржылық ваучер – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша қызметтердің кейінгі төлемдері үшін бюджеттік қаражат қызмет алушының екінші деңгейлі банктегі және/немесе Ұлттық пошта операторының арнайы шотына орналастырылатын мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту қызметтерін төлеу үшін пайдаланылатын ваучер түрі;
8. кезектілік нөмірі – кезекте тұрған өтініштің осы кезектегі басқа өтініштерге қатысты орны;
9. кезектілік – осы Алгоритмге сәйкес бір біріне қатысты реттелген және ақпараттандыру объектісінде сәтті тіркелген, ваучер алу үшін кезекке қойылған өтініштердің тәртібі;
10. қосылу шарты – ережелерiн тараптардың бiреуi формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгiлеген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт;
11. қызмет алушы – ваучер алуға үміткер және (немесе) алған бала (ваучер ұстаушы).
12. мектепке дейінгі ұйым (бұдан әрі – МДҰ) – жалпы білім беретін, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың арнайы оқу бағдарламаларын және жеке дамыту бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымы;
13. архив – ваучерлер берілген, қызмет алушының өкілі оны алуға мүдделілігі болмауына байланысты ваучер алу мүмкіндігі тоқтатылған, сондай-ақ осы қызмет алушының өкілі тарапынан жіберілген бұзушылықтар немесе осы Алгоритмде көзделген өзге де себептер бойынша кезектен алынып тасталған кезектегі өтініштер ауыстырылатын қойма;
14. проактивті қызмет – қызмет берушінің бастамасы бойынша қызмет алушының өтінішінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
15. уақытша қабылданудың бос орны – санаториялық МДҰ-ға бару үшін уақытша шығарылған тәрбиеленуші үшін сақталатын орын, сондықтан бұл орынға тіркелген жаңа баланың қабылдану мерзімі шектелген болады;
16. хабарлама – қызмет алудың белгілі бір кезеңдерінен өту туралы хабарландыру мақсатында ақпараттандыру объектісі арқылы қызмет алушының өкіліне жіберілетін электрондық мәтіндік хабарлама;
17. электрондық шарт – тәрбиеленушінің МДҰ-да болу кезеңіндегі тараптардың құқықтары мен міндеттерін, баланы тәрбиелеу мен оқытудағы өзара жауапкершілік тетігін айқындай отырып, МДҰ мен баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілі арасындағы қарым-қатынасты реттейтін заңды күші бар құжат.
4. Пилоттық жобаның қатысушылары:
1) келесі функцияларды орындайтын білім беруді басқару органы:
осы Алгоритмде белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласында қызмет көрсететін білім беру ұйымдарының тізбесін (бұдан әрі – Қызмет көрсетушілердің тізбесі) қалыптастырады;
осы Алгоритмде белгіленген тәртіппен кезектілікті қалыптастырады;
пилоттық жобаны енгізу сәтінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын қызметті алушылардың тізімін қалыптастырады;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін айқындайды;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін бекіту туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімін "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16138 болып тіркелген) бұйрығына және "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) бұйрығына (бұдан әрі – Қағида және Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін бекіту туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімін ұсынады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өзге де функцияларды жүзеге асырады;
2) білім беруді басқару органының тапсырмасы негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын төлеуді және осы алгоритм мен қосылу шартында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын оператор;
3) қаржылық ваучер шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша көрсеткен білім беру қызметтері үшін МДҰ-ға кейіннен қолма қол ақшасыз аударуға арналған бюджет қаражатының нысаналы мақсатының сақталуына кепілдік беретін екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық пошта операторы;
4) білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мақсаттары үшін МДҰ-ны дербес таңдайтын және олармен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру қызметтерін көрсету шартын жасасатын көрсетілетін қызметті алушылардың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдері (бұдан әрі – қызмет алушылардың өкілдері);
5) Пилоттық жоба шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтерді жеткізушілердің тізбесіне білім беруді басқару органдары енгізген, қосылу шартына қосылған және көрсетілетін қызметті алушының өкілімен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру қызметтерін көрсету шартын жасасқан МДҰ-лар;
6) электрондық үкімет порталында мемлекеттік қызметтер іске қосылған сәттен бастап ҰБДҚ ақпараттық жүйесі арқылы "Есепке алудың, мектепке дейінгі ұйымдарға кезектіліктің және ваучерлерді берудің бірыңғай базасы" қызметтерді алу үшін бизнес-процестерді автоматтандырылған орындауды іске асыратын "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" акционерлік қоғамы.
2-тарау "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
5. МДҰ-ға жіберу үшін ваучерлер беру мақсатында мектепке дейінгі жастағы балаларды (6 жасқа дейінгі) кезекке қоюды (бұдан әрі – кезекке қою) республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі –қызмет беруші) көрсетеді.
6. Кезекке қою үшін қызмет алушының өкілі Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш пен Алгоритмнің 2-қосымшасының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе ақпараттандыру объектілері арқылы жібереді.
Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес, жұмыс уақытынан кейін, демалыс немесе мереке күндері қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Резидент емес болып табылатын қызмет алушыларға Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес, кезекке қою жөніндегі қызметтер осы Алгоритмде көрсетілген тәртіпке сәйкес көрсетіледі.
Кезекке қоюдың негізгі талаптары Алгоритмнің 2-қосымшасында берілген.
Алгоритмге 2-қосымшасының 9-тармағына сәйкес қызмет көрсетуден бас тарту негіздері анықталған жағдайда, қызмет көрсетуші 2 (екі) жұмыс күні ішінде қызмет алушының өкіліне "жеке кабинеті" арқылы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Алгоритмнің 7-тармағында көзделген кезекке қою кезінде жеңілдікті санатты растамау бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
7. Қызмет алушы өкілінің өтініші автоматты түрде өтініш жіберу кезінде өңделеді.
Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру объектісі арқылы көрсетілетін қызметті алушының өкілімен ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін, оның ішінде жиынтық сұрау салуларды жіберу арқылы растайды.
Бұл ретте, қызмет алушы өкілінің өтініші мынадай жағдайларда:
1) санаториялық МДҰ-ға кезекті қоспағанда, қызмет алушының осы немесе басқа өңірде кезекте тұруының анықталуында;
2) санаториялық МДҰ-ға кезекті қоспағанда, қызмет алушы осы немесе басқа өңірдегі мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілетін МДҰ-ның контингентінде болғанда;
3) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың немесе астананың агломерациясына жатқызылған елді мекенде тіркелу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсетілетін елді мекенде қызмет алушының тұрақты немесе уақытша тіркелуі болмағанда жойылады.
Қызмет беруші ақпараттандыру объектісі арқылы, оның ішінде жиынтық сұрау салуларды тиісті саланың уәкілетті органына жіберу арқылы қызмет алушының өкілімен ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін растайды.
Ақпараттандыру объектісінде қызмет берушіден растаманы алғаннан кейін Алгоритмге 4-қосымшаға сәйкес тиісті санатқа кезекке қою жүзеге асырылады, және 5 (бес) жұмыс күні ішінде кезектілік нөмірі беріледі. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жеңілдікті санат расталмаса, қызмет алушының жасына қарай өтінішке тиісті санат беріледі.
Кезек нөмірі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтерін алу үшін кезекке қоюға өтініш берілген күн мен уақытты негізге ала отырып, әр санат бойынша бөлек тағайындалады.
8. Көру қабілеті, есту қабілеті зақымдалған, сөйлеу тілінде ауыр түрде бұзылыстары, тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар, зердесі зақымдалған, психикалық дамуы тежелген балалар үшін МДҰ-дағы арнайы топтарға және арнайы МДҰ-ға (арнайы бөбекжай-бақшалары, арнайы балабақшалар) кезек "Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымына және оқыту тіліне сәйкес, балалардың туған жылы, бұзушылық түрі бойынша әрбір МДҰ бойынша жеке қалыптастырылады.
Санаториялық бөбекжай-балабақшалардағы кезек әрбір МДҰ бойынша бөлек және балалардың туған жылына сәйкес қалыптастырылады, сондай-ақ қызмет алушыларды кезекке қоюға мүмкіндік беріледі.
9. Егер психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсыныстарында өзгеше көрсетілмесе, МДҰ-ға кезекке қою өтінішін жолдау үшін баланың жасы ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін 6 жастан аспауы тиіс (Алгоритмнің 8-тармағында көрсетілген балаларды қоспағанда).
Егер психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсыныстарында өзгеше көрсетілмесе, бала нақты 6 жасқа толғанда (Алгоритмнің 8-тармағында көрсетілген балаларды қоспағанда) ағымдағы оқу жылы аяқталғаннан кейін, кезектен шығарылады.
Өтініштің кезектің жас санатына жатуы күнтізбелік жылдың соңына дейін балалардың толық жасқа толуына сәйкес жүргізіледі.
10. Кезектер қызмет алушы туралы мәліметтердің және оның жасын жаңарту негізінде кезектің санаттары арасында өтініштерді жылжыту арқылы 31 шілдеде жаңартылады. Өтініштерді кезек санаттары арасында ауыстыру өтінішті беру күні мен уақыты бойынша қатаң түрде санат ішінде түзілетін өтініштердің жаңартылған тәртібіне сәйкес кезек нөмірін жаңартумен қатар жүреді.
Соңғы санаттан басқа барлық санаттар бойынша кезек толық қанағаттандырылған жағдайда, кезекті 1 қаңтарда қосымша жаңартуға жол беріледі.
11. Қызмет алушының өкілі:
1) кезекке қою үшін өтініш береді;
2) көшіп кету немесе қажеттілік болмау жағдайында өтінішті кезектен алып тастайды;
3) кезектілік нөмірін тексереді;
4) ваучердің берілгендігі туралы хабарлама алады;
5) ваучерді қабылдау немесе одан бас тарту туралы келісім білдіреді;
6) ваучерді алады;
7) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген профилактикалық егулерді алуды қамтамасыз етеді;
8) бос орындар туралы ақпаратқа сәйкес МДҰ-ны таңдайды;
9) құжаттарды қабылдау және баланы МДҰ-ға қабылдау үшін өтініш береді;
10) Алгоритмге 6-қосымшаға сәйкес жасалған нысан бойынша электронды шартқа қол қояды.
11) Ақпараттандыру объектісі Алгоритмнің 3-тарауына сәйкес бірінші кезекте тұрған көрсетілетін қызметті алушының өкіліне Алгоритмге 7-қосымшаға сәйкес ваучер берілгені туралы хабарлама жібереді. Қызмет алушының өкілі 2 (екі) жұмыс күні ішінде ваучерді МДҰ-да пайдалану туралы келісімін растайды немесе одан бас тартады. Егер ваучерден бас тартылса, кезек жойылады. Егер қызмет алушының өкілінен 2 (екі) жұмыс күні ішінде жауап болмаса, өтініш кезекте белсенді емес болып қалады және ақпараттандыру объектісінде көрсетілген кезеңде жүйеден тыс қалпына келтіру құқығымен 28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күн ішінде ваучерлер алуға қатыспайды, көрсетілген мерзімде жауап болмаған жағдайда кезек жойылады.
12) Басқа жерге жаңа қызмет орнына ауыстыру және тұрғылықты жерін ауыстыру кезінде қызмет алушының өкілі өзінің өтінішін кері қайтарып алады және оны жаңа тұрған жері бойынша береді.
Кезекке қойылғаннан кейін жеңілдік санатын алған жағдайда қызмет алушының өкілі осы Алгоритмде көзделген тәртіппен қайта өтініш береді. Бұл ретте бұрын берілген өтініш қызмет алушының өкілі тарапынан кері қайтарып алуға жатады
12. Тәулік бойы жұмыс істейтін және қызмет алушылар арасында ваучерлерді тарату үдерісін үздіксіз жүзеге асыратын ақпараттандыру объектісі:
1) кезекке қоюға өтінішті тіркейді (немесе тіркеуден бас тартады), өтінішті архивке орналастырады, ваучер береді;
2) МДҰ-дан күн сайын МДҰ-дан балалардың шығуы, сондай-ақ балаларды бір жас тобынан екіншісіне көшіру және жас топтарын жинақтауды ескеріп, бос орындар туралы ақпарат қабылдайды;
3) бала 6 (алты) жасқа толған кезде өтінішті кезектен шығарады (психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсыныстары бар ерекше қажеттіліктері бар балалардан басқа) және баланың максималды жасқа жету себепті оны архивке орналастырады;
4) кезекті жаңартады.
Бұл ретте облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың немесе астананың агломерациясына жатқызылған елді мекенде тіркелу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсетілетін елді мекенде қызмет алушының тұрақты немесе уақытша тіркелуі болмаған жағдай бас тартуға негіз болып табылады.

13. Ваучерді беру және растау сәтінде қалаған МДҰ-да бос орын болмаған кезде қызмет алушының өкілі бос орындары бар МДҰ-мен қызметтер көрсету туралы шартты таңдайды және шарт жасасады және ақпараттандыру объектісінде қалыптастырылған өтініш негізінде МДҰ-ның күту парағына тұра алады. Қызмет алушының өкілі балалар контингентіне енгізілген бола тұра, берілген ваучер негізінде МДҰ-ның күту парағына өтініш бере алады.
МДҰ-да бос орындар пайда болса, ақпараттандыру объектісі бірінші болып күту парағында тұрған қызмет алушының өкіліне проактивті тәсілмен хабарлама жібереді. Егер қызмет алушының өкілінен 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауап болмаса, қызмет алушы күту парағынан шығарылады, ал хабарлама күту парағындағы келесі қызмет алушыға жіберіледі.
14. Қызмет көрсетушінің кезекке қою бойынша қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты шағым қызмет көрсетушінің басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Қызмет алушының өкілінің кезекке қою қызметін көрсету мәселелері бойынша қызмет көрсетушіге түскен шағымы "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде қызмет алушының өкіліне "жеке кабинеттен" қызмет берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылған (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
Қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен қызмет алушы өкілінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Кезекке қою бойынша қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда қызмет алушының өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
3-тарау. Мектепке дейін ұйымдарға ваучерлерді бөлу тәртібі
15. МДҰ-да ваучерлерді бөлу итерациялық әдіспен келесі кезек параметрлерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады:
1) санат нөмірі – санаттың басымдығын көрсететін реттілік;
2) санат сипаттамасы – Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес әр санаттың сипаттамасы;
3) санат салмағы – Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес санаттың маңыздылығын анықтайтын басымдық салмағы. Бұл ретте, Пилоттық жобаны енгізу кезеңінде салмақты оператор анықтайды және ақпараттандыру объектісінде жариялайды;
4) ваучерлерді бөлгенге дейінгі кезектегі қызмет алушылардың саны – ваучерлерді бөлу басталғанға дейінгі кезектегі балалар саны;
5) ваучерлерді бөлу – әдіс қолданылғаннан кейінгі бөлінген орындар саны;
6) ваучерлерді бөлгеннен кейінгі кезектегі қызмет алушылардың саны – әдіс қолданылғаннан кейінгі кезекте қалған балалар саны;
7) итерациялардың саны – Пилоттық жоба кезеңінде оператор анықтайтын жалпы итерациялар саны;
8) әр итерациядағы санаттар саны – Пилоттық жоба кезеңінде оператор анықтайтын әр итерацияда бөлу жүзеге асырылатын санаттар.
16. Ваучерлерді итерациялар бойынша бөлу үдерісі келесі түрде жүзеге асырылады:
1) итерация әр санат арқылы оның нөміріне сәйкес өтеді;
2) ваучерлерді бөлу санаттың салмағына сәйкес және ваучерлерді келесі формула бойынша бөлуге дейінгі кезекте тұрған қызмет алушылардың санына байланысты келесі формула бойынша жүзеге асырылады:
Vi, k = nk, егер nk ≥ ck, онда Vi, k= ck,
егер nk < ck, онда Vi, k= nk,
мұнда Vi,k – санат бойынша итерациядағы ваучерлердің саны,
nk – санаттың салмағы,
ck – санат бойынша кезектегі қызмет алушылардың саны;
Бұл ретте, әрбір келесі итерацияда алдыңғы итерацияның нәтижелері бойынша берілген ваучерлер ескеріле отырып, кезек автоматты түрде жаңартылады және ваучерлер өзгерген жағдайлар бойынша бөлінеді.
17. Итерация бойынша ваучерлерді беру үлестіру үшін бөлінген ваучерлердің жалпы санына жеткенге дейін жалғасады, оған қол жеткізген кезде итерация тоқтатылады.
18. Келесі ваучерлерді бөлу үдерісі өткен итерация тоқтаған жерден басталады.
19. Жалпы білім беру кезегіндегі категориялардың саны, түрлері, бір-бірінен кейінгі реттілігі, сипаттамалары мен салмағы әрбір қызмет көрсетуші тарапынан білім беру саласындағы уәкілетті органның операторымен келісілген жағдайда оңтайландырылып, қайта қаралуы мүмкін.
20. Санаториялық және Алготритмнің 8-тармағында көрсетілген арнайы МДҰ-ға, сондай-ақ МДҰ-дағы арнайы топтарға ваучерлерді бөлу осы МДҰ мен топтардағы орындардың босауына қарай жүзеге асырылады.
21. Бөлінетін ваучерлердің саны мынадай негізде қалыптастырылады:
1) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жергілікті бюджеттерден қосымша бюджет қаражатын бөлу;
2) осы Алгоритмде көзделген жағдайларда бұрын берілген ваучерлерді жою;
3) мемлекеттік білім беру тапсырысын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үшін орналастыруға арналған бюджет қаражатын босату, оның ішінде бюджет қаражатын үнемдеу.
4-тарау. "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
22. "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" қызметі (бұдан әрі – балаларды қабылдау қызметі) МДҰ-да (бұдан әрі – МДҰ қызмет көрсетуші) көрсетіледі. Бұл ретте қызмет алушының өкілі ваучерді алғанын растағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органы қалыптастырған қызмет көрсетушілер тізімінен МДҰ-ны таңдап, қабылдануды іске асырады.
23. Балаларды МДҰ-ға қабылдау жөніндегі қызмет ақпараттандыру объектілері арқылы көрсетіледі.
Ақпараттандыру объектісі МДҰ-ның қызмет көрсетушісіне МДҰ-ның қызмет көрсетушісінің ресми қызметкері үшін ғана жұмыс орнына қолжетімділікті қамтамасыз етеді, авторизация құралдары арқылы осындай қызметкердің жеке басын дербестендірілген тексеруді қамтамасыз етеді және сол жеке тұлғалардың әртүрлі МДҰ-ның бірнеше жұмыс орындарына қол жеткізуіне мүмкіндік бермейді. Ақпараттандыру объектісі қызмет алушылар өкілдерінің жеке кабинеттеріне тек қызмет алушылар өкілдерінің дербес құрылғыларынан кіруді қамтамасыз етеді, қызмет алушылар өкілдерінің жеке кабинеттеріне МДҰ қызмет көрсетушілерінің құрылғыларынан кіруді бұғаттайды.
Балаларды қабылдау бойынша қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Алгоритмге 9-қосымшада келтірілген.
МДҰ-ға қабылдау үшін кезектен қызмет алушыға берілген және қызмет алушының өкілі растаған ваучер немесе ағымдағы МДҰ-дан шығарылғаннан кейін жаңа МДҰ-ға қабылдау үшін пайдаланылатын қолданыстағы ваучер негіз болып табылады.
МДҰ таңдау және қабылдану үшін пайдаланылатын 1 (бір) жұмыс күні мерзімін қызмет алушының өкілі қосымша 2 (екі) жұмыс күніне ұзартуы мүмкін.
Осы тармақта көзделген мерзімде МДҰ-ға қабылдау үшін құжаттар ұсынылмаған жағдайда қызмет алушы өкілінің өтініші осы МДҰ-ға кезектен шығарылады.
Ақпараттандыру объектісі қызмет алушы өкілінің өтінішін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын МДҰ қызмет көрсетушісінің қарауына жібереді.
Қызмет алушының өкілі барлық құжаттарды жинап, білім беру қызметтерінің электрондық шартына қол қойғаннан кейін оларды Алгоритмге 5-қосымшаға сәйкес қабылдау үшін портал және (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы не қағаз жеткізгіште ұсынады.
МДҰ қызмет көрсетушісі құжаттар келіп түскен күні оларды тіркеуді 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады және ұсынылған құжаттардың Алгоритмге 9-қосымшаның 8-тармағына сәйкестігін тексереді.
Қызмет алушының өкілі құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда МДҰ қызмет көрсетушісі ақпараттандыру объектісінде есепке алу мерзімін 2 (екі) жұмыс күніне ұзарту қажеттігімен 2 (екі) жұмыс күні ішінде сәйкесіздіктерді жою қажеттігі туралы хабарлайды.
Ескертпелер осы тармақта көзделген мерзімде жойылмаған жағдайда, МДҰ қызмет көрсетушісі қызмет алушының өкіліне "жеке кабинетке" қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жібереді.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 85-бабының 11-тармағына сәйкес жас тобында жоспарлы профилактикалық егулерді алмаған балалардың үлесі 10%-дан асқан жағдай мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдағаннан кейін қызметті алушы өкілінің "жеке кабинетінде" МДҰ-ға қабылдау бойынша қызмет көрсетуге арналған сұранысты қарау мәртебесі туралы ақпарат көрсетіледі, сондай-ақ қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Қызмет алушының өкілі құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде МДҰ қызмет көрсетушісі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін өз тарапынан оған қол қоя отырып, білім беру қызметтерінің электрондық шартын жасасумен аяқтайды. Шарт жасалғаннан кейін қызмет алушының өкіліне "жеке кабинетке" баланың МДҰ-ға қабылдануы туралы хабарлама жіберіледі.
Тараптардың шартқа қол қоюы ақпараттандыру объектісінің қалауы бойынша қолжетімді тәсілдермен (ЭЦҚ және заңнамаға сәйкес басқа да тәсілдермен) жүзеге асырылады.
24. МДҰ қызмет көрсетушісі баланы МДҰ-ға қабылдау мынадай себептер бойынша:
1) қызмет алушының өкілі шарт жасау үшін қажетті құжаттарды ұсынбағанда немесе құжаттардың мерзімі өтіп кеткенде (шарт жасалған күнге қатысты күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей берілген баланың денсаулық паспорты және баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама);
2) ұсынылған құжаттарға сәйкес баланы МДҰ-ға қабылдауға медициналық қарсы көрсетілімдер болғанда;
3) топтардағы ұжымдық иммунитет шекті деңгейінен асып кеткен жағдайда (жоспарлы профилактикалық егулер алмаған балалардың саны 10%-дан көп);
4) қызмет алушының өкілі осы Алгоритмде белгіленген мерзімде МДҰ-ға қабылдануды жүзеге асырмағанда жойылады.
25. МДҰ-ның қызмет көрсетушісінің балаларды қабылдау бойынша қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты шағым МДҰ қызмет көрсетушісінің басшысының атына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Қызмет алушының өкілінің МДҰ қызмет көрсетушісіне түсірген шағымы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде қызмет алушының өкіліне "жеке кабинеттен" МДҰ қызмет көрсетушісінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылған өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

МДҰ-ға қабылдау жөніндегі қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда қызмет алушының өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.